Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ӨЗБЕКСТАННЫҢ ҮШ ОБЛЫС ӘКІМІМЕН

ӨЗБЕКСТАННЫҢ ҮШ ОБЛЫС ӘКІМІМЕН

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан Республикасында мемлекеттік сапарының аясында маңызды келіссөздер жүргізіліп, бірқатар келісімдерге қол қойылды. Өзбекстан елімен шекаралас Оңтүстік Қазақстан облысы үшін де бұл сапардың орны ерекше болды. Сондықтан да қазақстандық ресми делегацияның құрамында ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевта қатысты.

Бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан арасында әріптестік байланыс арта түсті. Мәселен, биылдың өзінде бекеттер ашылып, екі елдің арасында жаңадан поезд бен автобустар қатынап, кедендегі бірқатар акциздік төлем алынып тасталды.

Бұл жолғы Мемлекет басшысының жұмыс сапырында да 10 ма­ңыз­ды құжатқа қол қойылды. Соның ішінде екі ел Президентінің қатысуымен Оңтүстік Қазақстан об­лы­сының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Ташкент облысының хокимі Бабаев Шукурулло мен Сырдария облысының хокимі Ашурматов Ойбек және Джизак облысының хокимі Исмолилов Сайфуддин арасында сауда-экономикалық және мәдени-гу­манитарлық салалардағы өзара тү­сіністік туралы меморандум түзілді.

Сонымен қатар, Елбасының көрші елге жасаған сапары аясында ұйымдастырылған екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен қазақ-өзбек бизнес-форумы өтті. Бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретін кездесуге қазақстандық 300-ден астам кәсіпкер қатысты. Іскерлік кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысынан өңір басшысы бастаған 150-ден астам кәсіпкер қатысты.

 

Өз тілшімізден

Пікір жазу