Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » ТҰРҒЫНДАР «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ

ТҰРҒЫНДАР «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ

«Nur Otan» партиясынан Сайрам аудандық мәслихатына үміткер Сәуле Бишеқызы Рамазанова мен Бобуржон Акмалжанұлы Хасантаев Қарабұлақ және Арыс ауылдық округтерінің тұрғын үйлерін аралап «Есіктен есікке» акциясы аясында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үміткерлер жергілікті тұрғындарды 2021 жылдың 10-қаңтарына белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауына белсенді қатысып, онда еліміздегі жетекші партия — «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды. Республика, Түркістан облысы, Сайрам ауданының алдағы сайлау кезеңі – 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламалармен таныстырды, үгіт-насихат материалдарын табыс етті.
Өз кезегінде тұрғындар үнемі жақсылықтың ортасынан қалмайтын, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, халыққа қиын сәтте көмегін аямаған Сәуле Бишеқызына және еріктілер жетекшісі Бобуржон Хасантаевқа қолдау көрсететіндерін айтып, алдағы сайлауда депутат болып сайланады деген ниетпен дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндерін жеткізді.
«Nur Otan» – Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш!
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
«Nur Otan» – нақты істер партиясы!
«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!
Бізге дауыс бер!
@Didarbek.kz

Пікір жазу