Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АЙДАРБЕК ТОҚТАРБЕК: «СПОРТ ӘЛЕМІНДЕ ЕСІМІМДІ ҚАЛДЫРҒЫМ КЕЛЕДІ»

АЙДАРБЕК ТОҚТАРБЕК: «СПОРТ ӘЛЕМІНДЕ ЕСІМІМДІ ҚАЛДЫРҒЫМ КЕЛЕДІ»

Түркістанда әлемдік додаларда Қазақ елінің даңқын асқақтатып жүрген спортшылар жетерлік. Солардың бірі — Айдарбек Тоқтарбек. Балуан самбо және қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Ол 1998 жылы 28-сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. 2004-2015 жылдары Түркістан қаласындағы №19 жалпы орта мектебінде білім алған. 2015-2019 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Өнер факультетінің «Денешынықтыру және спорт» мамандығын бітірген. Бүгінде «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша қашықтықтан оқыту бөлімінде оқуын жалғастыруда.
Балуан 2010 жылдан бастап Түркістан облысы Ә.Нұрмаханов атындағы Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады. Көптеген жарыстарға қатысып, облыс, республика және Халықаралық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері атанған.
Айтуынша, күрес спортымен 13 жасында әкесінің ықпалымен шұғылдана бастаған. Бүгінде жас балуан биік шыңдарды бағындыруды көздейді. Спорт әлемінде өз есімін қалдырсам деген мақсаты бар. Еліміздің Көк туын желбіретіп жүрген спортшы жаттығуын ширата түспек. Себебі, балуан: «Тек еңбектеніп, тер төксе ғана жеңіске қол жеткізуге және лидер болуға лайықтымын деп есептеуге болады» — деген пікірде.

ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ:

2016 жылы самбо күресінен Болгария мемлекеті София қаласында өткен жастар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері.
2017 жылы самбо күресінен Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында өткен жастар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
2018 жылы самбо күресінен Монғолия мемлекеті Ұлан-Батыр қаласында өткен жастар арысында Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
2018 самбо күресінен Грузия мемлекеті Тбилиси қаласында өткен жастар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері.
2018 жылы Қызылорда қаласында өткен самбо күресінен жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы.
2019 Семей қаласында өткен самбо күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері.
2020 жылы Атырау қаласында өткен самбо күресінен ересектер арасында ел біріншілігінің жүлдегері.

© Нұртас Мұхтарұлы

«Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы»

заңды тұлғалар бірлестігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу