Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АЛМА КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛУДА

АЛМА КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛУДА

Түркістан облысы Түлкібас ауданында  50 гектар алма көшеттері отырғызылуда,  деп жазады Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ.
Түлкібас ауданында алма жемісін өсіруге қызығушылық танытқан шаруалар қатары жыл санап артып келеді. Солардың бірі «Нұрсәуле» ЖШС-і. Ауа райының қолайлылығын пайдаланып көшеттерді отырғызып жатқан шаруашылық алманың «Гала», «Голден Делишес», «Старкримсон» сынды сұрыптарын отырғызуда. Жалпы аумағы елу гектар. Сонымен қатар, шаруашылық төрт гектар жер алқабына ерте пісетін шие көшеттерін егуде. Қазіргі таңда жерді өңдеп, көшет отырғызу жұмыстарына алпысқа жуық жергілікті тұрғындар тартылып отыр.
Қожалық төрағасы Ештаев Нүридиннің айтуынша, аталған жұмыстар өз қаржысы есебінен жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта мемлекеттік қолдаулар арқылы алма бау көлемін ұлғайту жоспарында бар. Сондйа-ақ, алма баудан мол өнім алу мақсатында тамшылатып суару әдісімен Израилдік технология енгізілмек. Бұл технологияның ерекшелігі — суды үнемдеп қана қоймай, өнім көлемін екі — үш  есеге арттырады.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу