Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АУҒАН ҚАСІРЕТІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

АУҒАН ҚАСІРЕТІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

15-ақпан — Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күн. Он жылға созылған майданға Ордабасы ауданынан 100-ге жуық сарбаз қатысқан. Оның біреуі Отан алдындағы борышын өтеу барысында қаза тапқан. Қазіргі таңда Ордабасы ауданында Ауған соғысының 75 ардагері бар.
Ауған қасіреті ұмытылмайды!
Отан алдындағы антқа адал, намысқа берік ардагерлеріміздің өмір жолы жастарымызды отансүйгіштікке баулитын өнегелі мектеп екені ақиқат.
Ауған соғысының ардагерлері Екінші дүниежүзілік соғысты көрген ақсақалдардың лайықты ізбасары десек, қателеспейміз. Жат ел топырағында ерлікпен қаза тапқан жерлестеріміздің жарқын есімдері ел тарихында алтын әріптермен жазылды. Бүгінгі ұрпақ олардың көрсеткен ерлігін еш уақытта ұмытпайды.
Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, аудандық мәслихаттың хатшысы Қасымбай Әбдіхалық, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұран Әбдіқайымұлы, Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің жетекшісі Ералхан Бектаев Ауған соғысы ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып,
қаза болған сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу