Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

Түркістан қаласының тұрғындары тазалық науқаны аясында ағаш егіп, көшені қоқыстан тазартуда, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіәне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
Бүгін Түркістан қаласы тұрғындарының қатысуымен жалпықалалық тазалық науқаны басталды.
Шаhар тұрғындары қала тазалығы үшін бей-жай қарамады. Өз аумақтарын қоқыстан тазартып қана қоймай, ағаш егу жұмыстарын да бірлігін танытып атқарды.
Тазалық науқаны аясында қалалық саябаққа (дендросаябақ) бүгін 124 қарағай егіледі. Сонымен қатар, Тікұшақ алаңы, Майлин сквері, Жандосов, Ерубаева көшелерінде шынар, терек, қарағаш сынды 1456 ағаш егілуі жоспарланған. Сондай-ақ, тұрғындар өз тарапынан 150 данадай көшет екті. Одан өзге, көше бойлары мен арықшалардағы қоқыстар да тазартылуда.
Дүйсенбі атқарылған шара бойынша арнайы мәжіліс өтіп, шет қалған аумақтар бойынша алдағы уақытта кезегімен жұмыстар жалғасатын болады. Ал, бүгінгі тазалық науқанында белсенді болған азаматтар кезекті сенбі күнгі шарада марапатталатын болады. #TurkistanTazaQala бастамасы аясында іске асқан шара әр сенбі жалғасады.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу