Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » РУХАНИ ҚАЛАҒА САПАРЛАП КЕЛУШІЛЕР САНЫ КӨП

РУХАНИ ҚАЛАҒА САПАРЛАП КЕЛУШІЛЕР САНЫ КӨП

Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері сәулеті көз тартар қалаға айналуда. Рухани қаланы тамашалауға еліміз ғана емес, алыс — жақын шет елдік қонақтардың да қызығатыны сөзсіз.
2020 жылғы соңғы көрсеткіш бойынша шаһарға сапарлап келушілер саны — 869 242 туристке жетіп, туризм саласынан қалаға 5399,8 млн теңге табыс түскен.
Сондай қала әлеуетіне табыс әкеліп жатқан туристтерге қызмет көрсету саласы да дамуда. Соңғы санақ бойынша шаһардағы қонақ үй, хостел саны- 35 жетсе, 1 емдік сауықтыру кешені мен серуендеуге үш  саябақ, бес аллея қала туризмінің дамуына үлес қосуда.
2021 жылға арналған жоспар бойынша 675 орын ұсынатын алты қонақ үй іске қосылмақ. Қазіргі таңда, 2020 жылы ашылған «Visit center» орталығы жұмысын қарқынды жүзеге асыру, туристік компаниялар мен гидтері және қала қонақтары үшін құрылған «Amazing Turkistan» мобильді қосымшасы жұмысы жандандыру алға қойылған. Алдағы уақытта тағы да бірқатар нысандар мен жобалардың жоспары жасалмақ.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу