Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АУЫЛ БОЛСАҢ, ҚАУЫМ БОЛ!

АУЫЛ БОЛСАҢ, ҚАУЫМ БОЛ!

Бүгін Қарабұлақ ауылдық округінде бастау алған «Ауыл – ел тірегі» онкүндігі аясында қайырымдылық іс-шаралары да күн тәртібінен қалыс қалмады.
Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының бастамасымен «Қамқорлық» жобасы аясында Сайрам ауданындағы аса мұқтаж 112 отбасына 2020 жылдан бері демеушілік, әлеуметтік қолдау көрсетілуде.
– Аталған 112 отбасының 14-і Қарабұлақ ауылында. Бүгін аудан әкімі, Nur Otan партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасы – Ұласбек Сәдібекұлы бастаған он күндік іс-шараға партия белсенділері де өз үлесін қосып отыр, – деді партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдірахманұлы.
Қарабұлақтағы мұқтаж деп танылған 14 отбасының бір реттік азық-түлік қорына облыстық мәслихаттың депутаты Динара Егембердиева демеушілік жасаса, аудандық мәслихат депутаттары азық-түлік жиынтығын мұқтаждарға жеткізіп берді.
Сондай-ақ, қайырымдылық іс-шарасынан ерікті жастар да қалыс қалмады. Олар еңбек күшіне зәру үйлердің ауласында сенбілік жасап, үй іргесіндегі жер аудару, тазалау, әрлеп — сырлау жұмыстарын жүргізуде.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу