Басты бет » Көкейтесті » КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР КЕМИ ТҮСТІ

КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР КЕМИ ТҮСТІ

Жылыту маусымындағы оқыс оқиғалар да азайып отыр. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиналысында облыстық төтенше жағдай департаментінің өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, ОҚО-да 2017 жылғы жылыту маусымында улы газбен уланудың 24 оқиғасы тіркелді.

«2017 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында исі газымен уланудың 24 оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 46 адам зардап шекті, оның ішінде 11-і қайтыс болды. Өткен жылмен салыстырғанда тіркелген оқиға мен зардап шеккен адамдар саны азайды. Салыстыру үшін айтсақ, 2016 жылы 29 оқиға тіркеліп, 76 адам зардап шекті. 28 адам қайтыс болған еді», – дейді өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын алу қызметі басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Ізбасаров.

Барлық оқиғаларды департамент мамандары зерделеп шығып, адамдар улануға қатысты 24 оқиғаның 21-і – табиғи газбен улану, ал үшеуі қатты отын жағылатын пешті қолданғанда орын алғанын анықтады. Көбісі, яғни, 21 факті жеке үйде болса, қоғамдық моншада 2 оқиға тіркелген. Уланудың негізгі себептері – жарамсыз пештерді пайдалану мен тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік қағидаларының бұзылуы. Сондай-ақ улы газбен уланғандардың басым көбісі ұйқыда болған. Енді осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында департамент мамандары алдын алу іс-шараларын бастап кеткен. Мәселен, 1 қыркүйектен бастап тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде.

Өз тілшімізден

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*