Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » КЕНТАУ ЖАСТАРЫ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ӨТУДІ ҚОЛДАЙДЫ!

КЕНТАУ ЖАСТАРЫ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ӨТУДІ ҚОЛДАЙДЫ!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында латын әліпбиіне көшу бастамасына қолдау білдіру мақсатында Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Латын алфавитінің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Еліміздің барлық аймақтарында қызу қолдау тауып жатқан латын графикасына өту мәселесіне қоғамның кез-келген ортасы өз ойларын қосуға асық. Бұл орайда, кеншілер қаласының өскелең ұрпағы да шет қала алмады. Ендеше, жастарымыздың ойын да біле жүргеніміз абзал болар.

Қанат Бекметов, Кентау қалалық «Жастар орталығының» директоры:

– Қазір қоғам екі тілді қоса алып жүр. Егер латынға өтсек, осы олқылық жойылар еді. Өйткені, латын әліпбиіне көшу арқылы біз тілдік қолданысымыздың таразы басын теңестірер едік. Латын әліпбиі – әлем қазақтарының рухани бірлігінің негізі. ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры десек, бүгінгі компьютер заманында әлемдік ғаламтор жүйесіндегі ақпарат кімнің қолында болса, сол өз билігін емін-еркін жүргізе алады. Ал, ақпараттың басты құралы – жазу. Яғни, ғаламтор жүйесінде үстемдік жасаушы, ол – латын графикасы.

Өз тілшімізден

Пікір жазу