Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Возможно, это изображение (2 человека)
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Отырысты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес төрағасы Қуанышбеков Бауыржан Шераханұлы жүргізді.
Возможно, это изображение (3 человека, люди стоят, люди сидят, костюм и в помещении)
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
1. «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған жол картасыдағы индикаторлардың 9 айда орындалуы.
2. Шымкент қаласында партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз орта қалыптастыру бойынша атқарылатын іс-шаралар туралы.
Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Нұрғали Егембердиевтің, қалалық дәрігерлік еңбек сараптау комиссиясының басшысы Бақтияр Өнербаев және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Қожамбаевтың баяндамалары тыңдалды.
Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуы үнемі партия бақылауында.
© Didarbek.kz

Пікір жазу