Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ТҮЙМЕБАЕВТЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН ТЫҢ ТАРИХ – 05

ТҮЙМЕБАЕВТЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН ТЫҢ ТАРИХ – 05

Тарихи ескерткіштер мен киелі жерлер санынан елімізде көш бастап тұрған Оңтүстік Қазақстан облысына басшылық қызметке келгеніне бір жылдан асқан Жансейіт Түймебаев мемлекет үшін маңызды бағдарлама аясында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жайында ой толғайды:

«Біріншіден, латын әліпбиі бізге қолайлы болуы керек. Екіншіден, сол әліпбидің негізінде түркі халықтарының көпшілігі латын әліпбиіне көшкен. Латын графикасы арқылы сол халықтармен де бірдейлестіруге, жақындасуға қол жеткізе аламыз. Әрине, әліпби ауыстыру тәжірибесі біздің тарихымызда болды. 1929-1940 жылдары латын әліпбиімен жаздық. Тәжірибе бар. Сол кездегі әріптер де бар. Яғни, әліпби ауыстыру, соның ішінде латын әліпбиін енгізу жаңадан жасалған дүние емес, мұны өткен әліпбиге қайтадан оралу десек те болады. Көптеген мамандар осыған қатысты өз пікірін айтып жатыр. Менің айтарым, мұнда қиналатын ешнәрсе жоқ. Ең бастысы, бұл жердегі мақсат — дүниежүзілік, ғаламдық ақпарат орталығына ену. Екіншіден, өзімізді  мойындату, үшіншіден, түрлі саладағы кедергіні мейлінше болдырмау. Соған орай біз өзіміздің тілдік ерекшеліктерімізге ең қолайлысын, жақынын алуымыз керек. Бұл жерде ең күрделі мәселе — қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды бейнелеу. Мысалы кириллицаның ішінде 9 дыбыс деп айтып жатырмыз ғой. Ол әріптердің барлығының сингармонизм, ассимиляция заңдылығын ескере отырып, белгілеуіміз керек. Екіншіден, әлемдік тенденция бойынша бір дыбысты бір әріппен белгілеуге тырысу керек. Жалпы, тілдегі грамматикада, фонетикада экономия заңдылығы, үнемдеу болуы керек. Бүгінгі ақпарат ғасырының заңдылығы да қысқалықты, түсініктілікті ұнатады. Мінекей, осы заңдылықтарды ескеруіміз керек деп ойлаймын. Дыбысты екі әріппен емес, бір ғана әріптің үстіне белгі қою арқылы көрсетуімізге болады. Мен де осы сынды ұсыныстарымды жазып, тиісті орталықтарға жібердім».

Айнұр Ақбаева

Пікір жазу