Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы барысында жадынама таратылды

«Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы барысында жадынама таратылды

Шымкенттік полицейлер «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы барысында жадынама таратты.
Шымкент қаласында 2022 жылдың 8-10-қыркүйек аралығында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы басталды. Шымкент қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы Абай АПБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының қызметкерлері әйелдерге қатысты қылмыстың алдын алу және оның жолын кесу бағытында мақсатты жұмыстар атқаруда.
Іс-шараның мақсаты — отбасы-тұрмыстық қатынастар негізінде жасалатын ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу, тұрмыста құқық бұзушылыққа жол берген адамдарды анықтау және есепке қою жөніндегі жұмысты жандандыру.
Атап айтсақ, бүгін тәртіп сақшылар Металлургтер саябағында студенттер мен қала тұрғындарына жаднама таратты. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
Акция аясында кейбір мәселелердің алдын алу үшін қала тұрғындарына кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Негізінен отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түп тамыры — адамдардың тәрбиесінен басталады.
«Отбасы — бұл қоғамның бір бөлшегі. Қоғам дамуы оның өміршеңдігіне, әл-ауқаты мен оның дұрыс қалыптасуына байланысты. Халықты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылық деректері туралы уақтылы хабарлауға және басқа адамдардың мәселесіне немқұрайлы қарамауға шақырамын», – дейді Абай ПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры Айнұр Қарабаева.
Отбасындағы өзара келіспеушіліктер көбінесе ауыр салдарға әкеп соғады және одан көп жағдайда нәзік жандылар зардап шегеді. Өмірдің сынағымен бетпе-бет келген әйелдермен жұмыс істейтін ӘЗЗҚТ-ның инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлеуметтік жағдайдың төмендігі себеп болатынын атап өтті.

Пікір жазу