Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ

ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ

Киелі өлке Түркістан қазіргі таңда өсіп-өркендеуде олай деуімізге басты себеп Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі тікелей бақылауына алуы. Осының арқасында 2018 жылдың 19 маусымында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп кайта құру туралы жарлық шығарды.

«Құрметті Қазақстандықдар, бүгін мен Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылыс туралы заңының 9 бабына сәйкес Шымкент қаласына Республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру және облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы жарлыққа қол қойғалы отырмын. Түркістан қай жағынан алсақта облыс орталығы болуға әбден лайық.»

Тәуелсіздік таңы атып, Қазақстанды әлемге танытуда Түркістанныңда орны айрықша. Бабалар аңсаған егеменді ел болғалы, мұнда талай тарихи кездесулермен арнайы жиындар ұйымдастырылғанына куә болып келеміз. Сонын ішінде Өзбекістан Республикасының басшысы Ислам Каримов, Түркия елінің президенттері Тұрғыт Озам, Сүлеймен Демерел, Ахмет Неджетсезер, Абдуллагүл, Режептай Бердуғанмен кездесуін атап айтуға болады.  Жаңарған Түркістан туралы айтпас бұрын Түркістанның тарихына үңілмесек болмас. Ендеше тарих беттеріне көз жүгіртейік. Түркістан қаласының тарихы сонау ерте ғасырлардан басталған, 2000 жылы қаланың 1500 жылдағы аталып өткен болатын. Алайда қала тарихын зерттеуші ғалымдар қала жасын тағы 500 жылға жылжытты. Ал 2008 жылы қаладағы кесене маңынан б.д.д 7 ғасырға тиесілі Күлтегін қаласының орны ашылды. Бұл деген сөз тарихы тым арыда жатыр дегенді білдіреді.

© didarbek.kz

Пікір жазу