Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкент: Самал-3 шағын ауданының бірқатар көшелеріне асфальт төселді

Шымкент: Самал-3 шағын ауданының бірқатар көшелеріне асфальт төселді

Шымкент қаласы Самал-3 шағын ауданының бірқатар көшелеріне асфальт төселді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Шымкент қаласының шағын аудандарында туындайтын түйткілді мәселелер шешімін табуда. Соның ішінде, жол мәселесі тұрақты назарда болып, ішкі орам көшелер кезең-кезеңімен асфальттанып жатыр. Бүгінгі таңда Абай ауданы аумағындағы Самал-3 шағын ауданының бірқатар көшелері орташа жөндеуден өтті. Жөндеуден өткен Момышұлы, Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай және № 1,2,3,4 (тұйық) көшелерінің жалпы ұзындығы 2,06 шақырымды құрайды. Шағын ауданның көшелерінде тегістеу, нығыздау жұмыстары жүргізіліп, қалыңдығы 10 см құрайтын асфальт төселді. Қаламыздың ішкі орам көшелерін орташа жөндеуден өткізу ағымдағы жылы басты назарда. Басқарманың мәліметінше, бекітілген жоспарға сәйкес 308 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі таңда жоспарланған 308 көшенің 77 нысан болатын 190 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталды.

Ал, қалған көшелерді жыл аяғына дейін аяқтау жоспарлануда. Сонымен қоса, Қаратау ауданындағы Шығыс айналма жолының құрылыс жұмыстары қарқынды. Нысанның құрылысы 2021 жылы басталған. 1-кезеңі №1 автожолынан Әл-Фараби көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Айналма жолдың ұзындығы — 3,9 шақырым, 4 жолақты және ені — 60 метр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 28% орындалды. Қаратау ауданы Қызыл су тұрғын алабының Гулистан көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Гулистан көшесінің 2-кезеңі атауы жоқ көшенің соңына дейінгі аралықты қамтиды. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 2,7 шақырым, ал ені 5 метр. Бүгінде орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған.

Айта кетейік, үшінші мегаполисте биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады.

Пікір жазу