Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БАЗАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА

БАЗАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА

«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы жанынан құрылған аудан бойынша азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жүргізу жөніндегі мониторинктік топ мүшелері Б.Биназаров, А. Бейсебай, А. Төлебек “MAGNUM”, “Әділ” маркет-дүкендерінде және «Сайрам» базарларында аудан тұрғындарына қажетті азық-түлік пен тағы басқа да қажетті өнімдері бағасының тұрақтылығына сараптама жұмыстарын жүргізді.
Сараптама барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер толық екендігі анықталды.
Бағаларды негізсіз көтерген кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылатыны жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ал, кейбір сауда орындарында қант бағасы түскені байқалды. Ет бағасы қымбаттаған. Мониторинг топ мүшелері халықпен санасып, бағаны шектен тыс көтермеу қажеттілігін түсіндірді. Сондай-ақ, азық-түлік (өсімдік майы, картоп, пияз, капуста, сәбіз және т.б)бағалары түскендігі анықталды.
Алдағы уақытта да аудан аумағындағы сауда орындары мен базарлардағы тауарлардың бағасына тұрақты мониторинг және талдау жұмыстары тұрақты жүргізілетін болады.

Пікір жазу