Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚОҒАМДЫҚ МАРАПАТ

ҚОҒАМДЫҚ МАРАПАТ

Өмірде еліміздің қоғамдық-саяси дамуына лайықты үлес қосып, түрлі сүзгілерден өтіп марапаттарға қол жеткізу оңай емес. 10-қазан Кәсіподақтар күні мерекесіне орай «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен салтанатты шара өтіп, осы салада елеулі еңбегімен көзге түскен қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Бірлестік төрағасы Бердіғали Өмірәлі құттықтап сөз сөйлеп, Сайрам аудандық маслихатының депутаты Султанов Сакен Абдиашимұлы Түркістан облыстық маслихатының грамотасы және ардагер мұғаліміміз Байгонова Раушан Баисбаевна Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының алғыс хатымен марапатталды. Қоғамдық марапат — бұл қоғамдық мойындау, халықтық құрмет. Сакен Абдиашимұлы ауданға аса сыйлы, құрметке ие бола білгендігі, әрқашанда өзінің риясыз көңілімен ақылын айтып жетекшілік жасауда лидер болуының өзі қуантарлық жағдай. Осындай зор құрметке лайықты азаматтармен бір ұжымда бірлесе қызмет етудің өзі бір ғанибет.
Марапаттарыңыз құтты болсын!

Пікір жазу