Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК ФОРУМ ӨТТІ

ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК ФОРУМ ӨТТІ

27 – 28 қыркүйекте Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің қабырғасында «Жас журналистер мектебі» республикалық әлеуметтік жобасы аясында өңірлік форум өтті. Форум жас журналистердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға ықпал етуге бағытталған.

Шымкент қаласынан, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан 100 жас журналист теле, баспа және интернет-журналистика бойынша білім алуға мүмкіндік алды. Оқыту тренингтерінен басқа, қатысушылар өз білімдерін тәжірибеде тексерді. Спикерлер «Еуразия бірінші арнасының» бас жаңалықтар жүргізушісі Айымбетов Асаубек, Elitar LIVE подкастының жүргізушісі Идрис Диана, YouTube продюсер Нұрадин Бекжан өз білімдері мен тәжірибесімен бөлісеті.

Өңірлік форум Қазақстан жастарының Конгресі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, сондай-ақ азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қолдауымен «Жас журналистер мектебі» республикалық әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

 

© didarbek.kz

Пікір жазу