Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ, «АҚСУКЕНТ СПОРТ КЛУБЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ СПОРТ НҰСҚАУШЫСЫ СӘКЕН БИБОСЫНОВ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ, «АҚСУКЕНТ СПОРТ КЛУБЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ СПОРТ НҰСҚАУШЫСЫ СӘКЕН БИБОСЫНОВ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бірінші байлық – денсаулық, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт. Спорт барлық тәрбие атаулының бір саласы, қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі болғандықтан, мемлекетімізде спорттың бұқаралық сипатын дамытуға ерекше мән беріледі.
Осыған орай Ақбастау ауылындағы Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің N33 Нұржан Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебінде «Ақсукент спортклубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Жасыңнан шынықсаң, ғасырға жарайсың!» атты аймақтық, аудандық жергілікті спортсмендермен кездесу іс-шарасы өткізілді.
Кездесуге бокстан әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, «Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спорт нұсқаушысы Сәкен Бибосынов және «Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қайрат Ерменбеков арнайы келді
Іс-шараның мақсаты: Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, зиянды әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастырып, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткізілген іс-шарада оқушылар, Сәкен Бибосыновқа көптеген сұрақтар қойып, жауаптарын алып, сұрақ-жауап форматта өткізілді. Жастар чемпионның жеңісті өмір-жолымен танысып жігерленді.
Іс-шараның соңында Мектеп директоры Айнаш Суранчиева чемпионға және «Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шақыртуды қабыл алғаны үшін алғысын білдіріп, мұндай кездесулердің оқушыларға пайдасы мол екенін айтып, Сәкен Бибосыновқа қонақ кәде сыйлады.

Пікір жазу