Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Сайрам ауданында ішкі саяси жағдай тұрақты

Сайрам ауданында ішкі саяси жағдай тұрақты

Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында көтерілген басты мәселелер – қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы орта құруға бағытталған.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның шынайы жаңару кезеңінде әрбір тапсырма мен міндеттерді бүкіл қоғам болып жұмылып, бірге атқаруымыз маңызды.

Бүгінде Сайрам ауданында ішкі саяси жағдай тұрақты. Өздеріңізге белгілі, белсенді түрде жұмыс істеп тұрған «Парасат» пікірталас клубының тәжірибесі облыстық деңгейге шықты. Қордаланған мәселелерді халықпен бірлесе отырып талқылап, оларды шешудің жаңа бағытын қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба өз жемісін беруде. Биыл клуб мүшелері 3 рет бас қосты.

Бұл жөнінде Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібеков 2022 жылдың 10 айында атқарылған негізгі жұмыстар жөнінде өткен брифингте мәлімдеді, деп  хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Былтырғы жылы өз бастауын алған «Ауыл – ел тірегі» жобасы аясында өткізіліп жатқан онкүндік іс шаралары да дәстүрлі жалғасын тапты.

Мемлекет басшысы халық пен билік арасын жақындата түсу керектігі туралы тапсырмасына сәйкес, үш ай сайын халықпен кездесу өткіздік. Әкімдік қызметкерлері ауылдарды аралап, шаруалардың жағдайын көріп, көтерілген мәселелерді бақылауға алып, мүмкіндігіне қарай шешуде.

Сонымен қатар, «Фейсбук», «Инстаграм» әлеуметтік желілерінде «Сайрам ауданы» парақшасы іске қосылып, тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында ашылған «Телеграм», «WhatsApp» желілері тұрақты қосулы.

Ауданда мәдениет, тілдер мен ономастика саласын дамыту бағытында 236 іс-шара өткізілді. Ірі  кітап көрмелері жасалып, виртуалды бейнешолу түсірілді.

Спорт саласында 145 барлық деңгейде іс-шара өткізіліп, оған 10511 адам қатысты. Қорытындысы бойынша аудан спортшылары 8 алтын, 11 күміс және 16 қола медальға қол жеткізді. Жасөспірімдер арасында спортты насихаттау мақсатында ауданнан шыққан спорт тарландарымен кездесулер өткізілді.

Сондай-ақ, аудан халқының игілігіне пайдалану үшін «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында биыл:

— Ақбұлақ ауылындағы мәдениет үйі, кітапхана және спорттық үйірмелер ғимаратының құрылысы басталды (2022ж — 100 млн теңге);

— Қарасу ауылындағы спорт кешені ғимараты құрылысының мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі кеш анықталуына байланысты, құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталады  (2022ж — 200 млн теңге).

 

Пікір жазу