Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА ОНКҮНДІКТІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ШАРАСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ОНКҮНДІКТІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ШАРАСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында «Білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен онкүндік жарияланып, жаңашылдықпен жұмыс жасауға бастамашы болып жүрген орталық директоры Бақытжан Нұрмаханбетұлының бастамасымен өткізілген онкүндік аясында биология, химия, математика, физика, география, тарих және эстетикалық пәндерден түрлі шараларда облыс педагогтары тәжірибе алмасумен қатар біліктіліктерін арттырып, пәндерді оқытудағы жаңалықтарымен бөлісті. Онкүндікті эстетикалық пәндердің педагогтары қорытындылап, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында мерекелік шара ұйымдастырды.
«Ұлы дала елі» музейінде өткізілген шараға облысымыздағы барлық аудандардан көркем еңбек, музыка пәндерінің мұғалімдерімен қатар «Білім беруді дамыту орталығының» әдіскерлері, «Қосымша білім беруді дамыту орталығының» директоры Бақытжан Ешенқұлов қатысты. Орталықтың эстетикалық пәндер бойынша әдіскері, тәжірибелі педагог Нұғман Сманұлы Архабаевтың ұйымдастыруымен «Түркістан – өнер ордасы» тақырыбында өткен шара барысында, Шардара ауданы, Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Айдарбеков Темірәлі Өсерұлының көркемсурет шығармашылық көрмесі ұсынылды. Сонымен қатар, жиналған педагогтар музейге саяхат жасады. Ал, концерттік бағдарлама барысында Кентау, Бәйдібек және басқа да аудандардан келген әріптестеріміз өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шара соңында «Білім беруді дамыту орталығы» жалпы пәндер кафедрасының меңгерушісі Роман Алтынбеков қорытынды жасап, онкүндіктің жоғары дәрежеде өтуіне үлес қосқан барлық педагогтарға алғысын білдірді.

Пікір жазу