Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ШАҒЫН ФУТБОЛ АЛАҢЫ

ШАҒЫН ФУТБОЛ АЛАҢЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған елді мекенінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент мерекесі күні қарсаңында шағын футбол алаңы пайдалануға берілді. Спорт алаңының ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Салыхан Полатов Елбасымыздың халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту тапсырмасының кезең-кезеңмен орындалып отырғанын жеткізді.

Аудан әкімінің айтуынша, бүгінде Созақ өңірінде 236 спорт ғимараты тұрақты түрде жұмыс істейді. Оның ішінде футбол алаңдарынан бөлек, ипподром, тенис алаңы, жүзу бассейндері де бар.

Өз кезегінде сөз алған Созақ аудандық мәслихатының хатшысы Бегімбет Байғараев, ардагер спортшы, Созақ ауданының Құрметті азаматы Аманғали Аймұрзаев сөз сөйлеп, жиналған спорт сүйер қауымды құттықтады.

Алаңның құрылысына аудандық бюджеттен 11 млн. теңге бөлініп, жанкүйерлер отыратын орындықтар, қақпа, жасанды төсеніш төселіпті. Жаңа шағын футбол алаңында ауыл округтер арасында жасақталған командалар арасында футболдан жарыс жалауын желбіретті. Жыл соңына дейін ауданда демеушілер есебінен тағы бір спорт алаңшасы ашылады деп жоспарланып отыр.

Өз тілшімізден

Пікір жазу