Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ: 53 893 ОҚУШЫ МЕКТЕП ФОРМАСЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ: 53 893 ОҚУШЫ МЕКТЕП ФОРМАСЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тәжиева, Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұргүл Ақылбепкқызы Шамшиева оқушылардың жаз мезгіліндегі демалысы, жаңа оқу жылына дайындық, мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз ету бойынша баспасөз брифингін өткізді.
Білім басқармасының мәліметінше, шаһарда білім беру ұйымдары жаңа оқу жылында 48 мекемеге артып, жалпы саны 946-ны құрады. Оның ішінде, 30 балабақша, 15 мектеп, 1 оқушылар сарайы жаңадан жұмысын бастайды.
—2023 жылы 1-ші сыныпқа 27 000 оқушы қабылданып отыр. 53 893 оқушы мектеп формасымен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстар шілде айында аяқталды. Қазіргі таңда мемлекет есебінен 7241 бала, демеушілер есебінен 9474 бала қала сыртындағы лагерлерде демалуда. Жалпы 215 жазғы сауықтыру лагерлері балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырды, — деді басқарма басшысы.
2023 жылдың қыркүйек айында 2 845 орындық 30 балабақша, 18 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, үш ауысымда оқитын 3 мектеп мәселесі қыркүйек айында толық шешіледі.
Жанат Тәжиева білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту, мектептерде қауіпсіздікті арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталып өтті.
Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ОҚМПУ-мен бірлесе 10-24 шілде аралығында қала мектептерінің 2023-2024 жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізген. Департамент басшысы жөндеу жұмыстары, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, бейнебақылау жүйесі, асхана, спорт залдарының, турникеттерінің болуы және жылдам басқару орталығына қосылу жұмыстарына бақылау жүргізіліп, бірқатар мекемелерге ескерту берілгенін атап өтті.

Пікір жазу