Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ “БАЗАР ЖАСТАРЫ ЛИГАСЫ” БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ “БАЗАР ЖАСТАРЫ ЛИГАСЫ” БАСТАЛДЫ

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай, Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Базар жастар лигасы» турнирі басталды. Турнир – екі кезеңді қамтиды. Бірінші кезең — ұлдар арасында футболдан, екінші кезең — қыздар арасында волейболдан өтеді.
Турнирдің мақсаты – базар және сауда орындарындағы жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау.
Базар жастары лигасына қала аумағындағы базарлар мен сауда орындарынан 200-ге жуық өтінім түсіп, ережеге сәйкес, 160 жастан тұратын 16 команда жасақталды. Атап айтқанда Барыс, Тұлпар, Авто-Нұр, Айна, Жібек жолы, Алаш, Акбар, Көне қала, Пионер, Орталық қырғы базарлары және Технодом, Evrika, Магнум, Мечта, Sulpak, Север сауда орталықтары командаларынан құралған.
«Базар жастар лигасы» турнирі қатысушыларының ептілігін Дене шынықтыру және спорт басқармасынан бекітілген 4 төреші сарапқа салады.
“Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Мағжан Исахов турнирдің ашылу рәсіміне қатысып, барша жас буынды Халықаралық жастар күнімен құттықтап, турнирге қатысушы жастарға лебізін жеткізді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанған жастардың жұмысына сәттілік тіледі.
Ұлдар арасында апта бойына жалғасқан турнир — 11 тамыз күні аяқталып, марапаттау рәсімі өтеді.
Турнир ережесі негізінде ұлдар арасында I-орын, II-орын және III-орын иегерлері анықталып, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы атынан арнайы диплом мен жеңімпаз командаға кубок табысталды.
1 орын – 10 – планшет;
2 орын – 10 – смартфон;
3 орын – 10 – велосипед.
Айта кетейік, турнирдің екінші кезеңі 14 тамыз күні қыздар арасында волейболдан өтетін болады.

Пікір жазу