Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АУҒАН СОҒЫСЫ – ҚАНДАЙ СОҒЫС?

АУҒАН СОҒЫСЫ – ҚАНДАЙ СОҒЫС?

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай Отырар аудандық орталық кітапханасында өткен Ауған соғысы ардагерлерімен «Ауған асуында от кешкендер» атты дөңгелек үстел басында аудандық қорғаныс істер бөлімі мен мәдениет қызметкерлері, жастар, БАҚ өкілдері бас қосты. Алқалы жиын басталар алдын Ауған соғысы туралы деректі фильм көрсетіліп, Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары капитан Шахан Рүстемұлы ел тарихындағы осы бір кезең жөнінде кеңінен әңгімелеп берді. Одан соң Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Елтай Үмбет сөз алып, жастарға ағалардың ерлігі туралы бірқатар ғибратты ой толғамдарын жеткізді. ОҚО Ауғанстан соғысы ардагерлері қауымдастығы Отырар аудандық филиалының төрағасы С.Ақылов және басқа ардагерлер де басқосуға қатысқан кейінгі буын жастарға бастарынан кешкен отты майданның қатыгез күндерінен сыр шертті.

Ауған соғысы ардагерлеріне арналған концерттік бағдарламада М.Қауымбаев Ж.Омаровтың «Біздің елдің жігіттері» термесін, М.Асан К.Әзірбаевтың «Ақыл. Нақыл» әнін тарту етті.

Маңызы зор басқосу «Ерлік – ұрпаққа мұра» деп аталатын жастармен еркін әңгімеге ұласты.

Өз тілшімізден,
Отырар ауданы

 

Пікір жазу