Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті кауым!
Сіздерді бүгінгі Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Наурыз – жаңару мен жасару айы. Әр отбасы Наурыз мейрамы қарсаңында үйлерінің айналасын қалыпқа келтіріп, тазалап, ағаш отырғызып, гүл егіп, алдағы күнге жақсы үмітпен қараған.
Наурыз – Жыл басы мерекесі ғана емес, береке мен бірліктің, қайырымдылық пен кешірімділіктің, бауырмалдықтың мерекесі.
Сондықтан бар жақсылықтың жаршысы, ұлтымыздың рухын көтеретін — Наурыз мерекесі баянды болғай!
Ел егемендігінің арқасында Наурыз мерекесі дәстүрлі мерекеге айналып, жыл өткен сайын мағынасы толығып, елімізде мекен етіп жатқан барша халықтың ортақ мерекесіне айналды.
Өздеріңізге белгілі Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен бүгінде Наурыз мерекесі әлемдік деңгейдегі мереке ретінде тойлануда.
Күн мен түн теңесетін, өмірдің жылы лебі есетін, дүние ерекше өзгеретін, Жер ана өзгеше күйге енетін, ырыс пен берекенің, ризық пен несібенің бастауындай болған Әз Наурыз құтты болсын. Бүгінде Наурыз көп ұлтты халқымыздың сүйікті мейрамына айналып, бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың нығаюының негізі болды.
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз жасампаздықтың жарқын жолымен жүріп келе жатқан елімізге жаңа жетістіктер, әр шаңыраққа ынтымақ пен шаттық, бақыт пен молшылық әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Елге нұр, жерге нәр берген Наурыз мерекесі баршаңызға жақсылық сыйлап, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке әкелсін!

Ізгі ниетпен,
Аудан әкімі Н.Тұрашбеков

Пікір жазу