Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ҚАЗЫҒҰРТТАН БАСТАЛҒАН ӘЗ-НАУРЫЗ НАҚЫШТАРЫ

ҚАЗЫҒҰРТТАН БАСТАЛҒАН ӘЗ-НАУРЫЗ НАҚЫШТАРЫ

ҚАЗЫҒҰРТТА КЕМЕҚАЛҒАН НЫСАНЫНЫҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ

Оңтүстікқазақстандықтар Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесін ерекше атап өтті. Алдымен Қазығұрт тауының баурайындағы қасиетті шыңдағы Кемеқалған нысанының қазығы қағылды. Алдағы уақытта төменнен Кемеқалған нысанына апаратын жалпы ұзындығы 3,1 шақырымдық канат жолы мен 4 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүргізілетін болады.  Сондай-ақ, ұлттық ат спорты ойындарын өткізетін 20 гектар аумақта атшабар құрылысы жоспарланып отыр.

Өз тілшімізден

 

ОҢТҮСТІКТЕ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ КИЕЛІ ҚАЗЫҒҰРТТАН БАСТАЛДЫ

Ұлық мерекеге орай тау бөктеріндегі этноауылға  40-тан астам киіз үй тігіліп, алтыбақандар мен салт-дәстүрлерді паш ететін арнайы шағын сахналар мен ұлттық ойындарға арналған алаңшалар орналастырылған. Наурыз мейрамына жиналған қауым этноауыл ішіндегі  қолөнер шеберлері мен ұлттық тағамдардың көрмесін тамашалады.  Салтанатты шараның басты сахнасы   Нұқ пайғамбардың кемесі іспеттес безендірілген.

Өз тілшімізден

 

ОҚО ӘКІМІ ҚАЗЫҒҰРТТА «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ – ОҢТҮСТІК» АКЦИЯСЫН ЖАРИЯЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев «Наурыз Қазығұрттан басталады» мерекесінде өңірдегі зиялы қауым өкілдері және ардагерлердің басын қосып арнайы жиын өткізді. Ондағы мақсат – ел ішіндегі түрлі оқиғалардың себеп салдарын талқылап, олқылықтарды болдырмаудың жолдарын ақылдасу. Жиынға төрағалық еткен өңір басшысы өткен жылдың қорытындысы бойынша облысымыздың қылмыс санын халық санына шаққанда 0,3 пайызбен республикада ең соңғы 16-орында екенін айтып, енді тағы да төмендетуге жұмыс істеу керектігін жеткізді.

Өз тілшімізден

 

ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ НАУРЫЗДА 500 АТПЕН ФЛЭШМОБ ЖАСАЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл Наурыз мерекесі ерекше аталып өтілді. Күллі тіршілік, өмір бастау алған Нұх пайғамбардың кемесі қалған қасиетті Қазығұрт тауының баурайында өтті. Түрлі қойылымдар мен концерттер ел мерейін үстем етті. Айрықша театрландырылған қойылымдармен көмкерілген мерекеде Дихан баба шақырылып, қыс кетіп көктемнің келуіне орай  гүлдің ішінен Көктем  қыздың шығуы көрсетілді. Сондай-ақ, 500-ге жуық көгершін көкке ұшырылды. Осылайша ұлық мереке қасиетті тайда ұлықталды.

Өз тілшімізден

ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ТАРТУ ЖАСАЛДЫ

Биыл оңтүстікқазақстандықтар Ұлыс ұлы күнін қасиетті Қазығұрт тауының баурайында атап өтті. Жиналған жұрт символикалық кеме тектес сахнадан көне тарих пен дәстүрден сыр шертетін театрландырылған қойылымдарды тамашалады. Мерекелік концертке куә болды. Айтулы мейрамда көрісу, амандасу сынды жоралғылар жасалып, ұлттық ойын мен салт салтанат құрды. Сондай-ақ, оңтүстік өнерпаздары Астананың 20 жылдығына тарту ретінде «Тәуелсіздік түндігі – Астана» атты сазды-хореографиялық композициясын орындады.

Өз тілшімізден

ОҢТҮСТІКТЕ ӘЗ-НАУРЫЗ ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛҒАСТЫ

Мереке қаладағы Орталық атшабардағы ұлттық спорт ойын түрлерінен өткен жарыспен жалғасты. Атап айтқанда, көкпар, бәйге, қыз қуу ойындары жиналған жұрттың делебесін қоздырды. Биылғы Наурыз мейрамындағы сайыстың ерекшелігі алғашқы рет тай жарысы мен қысқа қашықтықтағы ат жарысы өтті. Сондай-ақ, қонақтар жамбы ату, аударыспақ, теңге ілу,  тазы-төбет жарысы, қошқар көтеру сынды сайыстарды тамашалады. Ұлттық ойындар да шет қалмады, әсіресе, ұмыт бола бастаған шөген ойыны алғаш рет көрсетіліп, көпшілікті тамсандырды.

Өз тілшімізден

ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ НАУРЫЗДА БІР МЕЗЕТТЕ МЫҢДАҒАН АДАМ КӨРІСІП, ТӨС ҚАҒЫСТЫ

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында күллі түркінің ұлық мерекесі Ұлыстың ұлы күні ерекше өтті. Тіршілік, өмір бастау алған аңыз бойынша Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған Қазығұрт тауының баурайында тойланды. Наурызды асыға күткен жұрт жүздесіп, мәз-мейрам болысты. Күн мен түннің теңеліп, елдің қуанышқа кенелетін мерекеде 40 шақты киіз тігіліп, 700-ге жуық жәдігерлерден көрме ұйымдастырылды. Облыс басшысы Ж.Түймебаев ұлық мерекемен елді құттықтады. Ұлыстың ұлы күні елге қуанышымен, ырыс-құтымен келуін тіледі. Өңірге қайырымдылық жасап, еңбек етіп жүрген бірқатар кәсіпкерлерді марапаттады. Сондай-ақ, Наурыз мересінде елді бірлікке, ынтымыққа шақырып, ренжіскен ағайын болса, құшақтасып көрісуге шақырды. Осылайша Қазығұрттың баурайына жиналған мыңдаған жұрт көрісу амалып, жасап, төс қағысты. Өкпе-назын кешірісті. Жаңару мейрамында көңілдер де жаңарып, жасарды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу