Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БАРЛЫҚ ҒАЛАМ МАХАББАТТАН ЖАРАЛҒАН…

БАРЛЫҚ ҒАЛАМ МАХАББАТТАН ЖАРАЛҒАН…

Отырар аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 15 сәуір – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, яғни ғашықтар күніне орай халқымыздың ауыз әдебиеті арқылы аттары аңызға айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен махаббат рәміздері болған Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген, Сауран мен Бәтима және т.с.с. ғашықтардың жырларын кеңінен дәріптеу мақсатында «Барлық ғалам махаббаттан жаралған» атты IV аудандық байқау өткізілді. Байқауды мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Е.Үмбет алғы сөзбен ашып, халқымыздың салт-дәстүрінің жастарға берер тәрбиелік маңызының зор екендігін айтып өтті.

Байқаудың шарты бойынша үміткерлер «Сәлем сөздің анасы», «Ұлтымның өшпес мұрасы», «Жырлайды жүрек» тақырыптарында өз өнерлерін көрсетті. Арнайы құрылған сарапшылардың шешімімен ерекше көзге түскен үміткерлер лайықты бағаларын алды. Бас жүлдені Отырар ауыл округінен келген Баянбай Ахметрасул мен Совет Аяулым жеңіп алды.

I-орынды Көксарай ауыл округінен қатысушылар Қасым Мұрат пен Қарсыбайқызы Аида еншілесе, II-орынды Қаракқоңыр ауыл округінен келген Керімхан Асылжан мен Амангелді Гүлмира, ал III-орынды Талапты ауыл округінен қатысқан Темірхан Иманғали мен Әмірхан Кәмшат иеленді. Байқауға қатысқан қалған үміткерлерге де алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Отырар ауданы

Пікір жазу