Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ИГІ ІС – ҰРПАҚҚА АМАНАТ!

ИГІ ІС – ҰРПАҚҚА АМАНАТ!

Ордабасы ауданындағы Қалдыбай Бектаев атындағы жалпы орта мектебінің жас та жаңашыл директоры Гүлнұр Сүлейменованың бастамасымен ауыл азаматтарының басы қосылып, «Туған жерге тағзым!» акциясы өтті. Акция нәтижесінде оқу ордасының ауласында алақандай ауылдан Ұлы Отан соғысына аттанған 200 ардагердің есімі қашалған ескерткіш бой көтеріп, мәңгілік алау жағылды.

Ескерткіштің салтанатты ашылуына Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков, ауыл ардагерлері, аудан мен облыс зиялы қауым өкілдері, ауылдың асыл перзенттері – «Ońtústik» арнасының директоры Бауыржан Бердімұратов, «Қазақстандық салалық бiлiм және ғылым қызметкерлерiнiң кәсiптiк одағының Оңтүстiк Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрайымы, Ордабасы ауданының «Құрметті азаматы», Ордабасы аудандық мәслихатының депутаты Замира Маханова, Ордабасы аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева, ел ағасы Көпбай Тілемісов және ауыл ақсақалдары қатысты. Салтанаттан соң қанды майданда шейіт болған аталарымыз бен бабаларымызға құран аяттары бағышталды.

«Өлі риза болмай, тірі байымайды», дейді атам қазақ. Заманымыздың заңғар жазушысы Ілияс Есенберлин: «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі алсын қайдан кемеңгерді?» – дегенді айтып кеткен. Соғыс және тыл ардагерлерін ардақтаған ауыл азаматтары, Қ.Бектаев атындағы мектеп ұжымы, аудандық білім бөлімінің басшылары және бүкіл жанашыр ауыл азаматтары өскелең ұрпақ санасына мәңгі жазылатын сауапты іс жасады. Алла олардың ниеттерін қабыл, мұраттарын асыл етсін!..

Әсет Әссанди

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*