Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » Шымкентте қорғасын зауытының мұнарасы бұзылатын болды

Шымкентте қорғасын зауытының мұнарасы бұзылатын болды

Кеңес заманында Шымкенттегі ірі үш өндіріс орнының бірі болған  қорғасын зауытының аумағында құлауға шақ қалған ескі мұнара бұзылатын болды.

Бұрынғы қорғасын зауытының мұнарасын бұзуға әкімдік тарапынан конкурс жарияланды. Ескі мұнаралар мердігер мекеме анықталған сәтте бұзылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы орайда Шымкент қаласының әкімдігі бұрынғы қорғасын зауытының үш мұнарасын бұзу үшін мемлекеттік сатып алу туралы тендер жариялады. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 9 млн теңге қарастырылған.

Алып мұнараларды бұзудың өз қиындығы бар. Осыған орай әкімдік қызметкерлері мен төтенше жағдай мамандарымен бірлесіп, бұрынғы өнеркәсіптік алпауыт кәсіпорынның аумағына жақын орналасқан үйлерді аралап, бұзу жұмыстарының салдарынан туындауы мүмкін келеңсіздіктер туралы ескертуде. Тұрғындарға мұнаралардың бұзылуы себепті туындайтын біршама жайсыздықтар хабарлануда.

Ал конкурс нәтижесі алдағы екі аптада ішінде жарияланады. Мердігер мекеме анықталған кейін жалпы биіктігі 200 метрден асатын үш құбырды бұзу жұмыстары басталмақ.

Пікір жазу