Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Сайрам ауданында ерекше мерекелік шара өтті

Сайрам ауданында ерекше мерекелік шара өтті

Астана күніне орай барлық аудан-қалаларда мерекелік шара өткізілді. Түркістан облысының Сайрам ауданына бұл мереке ерекше өтті деуге болады. Сайрам ауданының орталығындағы мәдениет үйінде
«Мир через духовность» қоғамдық қорының еріктілер белсенділерінің, аудан тұрғындарының, аудан әкімі Бақтияр Мамаевтың, аудандық мәслихаттың хатшысы Жансерік Мұсаханұлының, аппарат қызметкерлерінің қатысуымен гала концерт ұйымдастырылды.

Өз кезегінде аудан әкімі қонақтарды, аудан тұрғындарын Астана күнімен құттықтап, адам баласына жақсылық жасап, көптің алғысына бөленген еріктілерге алғысын білдірді. Сондай-ақ, шара барысында әлемнің түкпір-түкпірінен келген еріктілердің бірқатарына аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының алғыс хаттары, мадақтамалары, сыйлықтары табыс етілді. Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен еріктілер екі апта бойы Сайрам ауданының халқына жан-жақты тегін көмек көрсетті.

Кеш барысында Сайрам ауданында 14 күн бойы жұмыс істеген «Мир через духовность» қоғамдық қоры еріктілері ән шырқап, ісшараның сәнін аша түсті.

Пікір жазу