Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістан облысының жігіттері топ жарды

Түркістан облысының жігіттері топ жарды

Үстіміздегі жылдың  4-8 шілде аралығында Астана қаласында өткен дәстүрлі «Азия жаңғырығы» халықаралық фестивалінде Түркістан облысы «Оңтүстік-Цирк» мекемесінің  «Эксклюзив» тобы алтын медальді қанжығасына байлады.
Астананың туған күніне орай жыл сайын елордада өтетін цирк өнерінің додасына биыл Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Вьетнам, Ресей, Беларусь, Франция, Канада, Никарагуа, Эфиопия және Венгрия сынды 13 мемлекеттің 60-тан аса  цирк майталмандары қатысып, бақ сынады.
Қиынынан қиысқан күрделі трюктерден тұратын «Өлім доңғалағы» нөмірімен көпшілікті таң қалдырған түркістандық жігіттер бас жүлдеге лайық деп танылып алтыннан алқа тақса, күміс жүлдені-Белоруссия елінің мәдениет майталмандары, қола жүлдені — Қазақ Мемлекеттік циркінің әртістері иемденді.
Қазылар алқасына «Астаналық цирк» МКҚК бас директоры, ҚР еңбек сіңірген артисі Ерік Жолжақсынов төрағалық етсе,   төрешілер құрамында Украина ұлттық циркінің директоры, КСРО халық артисі Людмила Шевченко, Беларусь Мемлекеттік циркінің директоры Владимир Шабан, Монте-Карлодағы Халықаралық цирк фестивалінің вице-президенті Урс Пилс, «Латино» халықаралық цирк фестивалінің президенті Фабио Монтико, Велки циркінің бас директоры Джерзи Козиак, Майамидегі Фаербёрдпродакшн компаниясының президенті Петр Дубинский, «Ереван циркінің» көркемдік жетекшісі, бас директоры Сос Иосиф Петросян, Саха Республикасының «Марфа және Сергей Расторгуевтар атындағы Мемлекеттік циркінің» директоры Сергей Расторгуев, Украина Мемлекеттік цирк компаниясының директоры әрі көркемдік жетекшісі Сергей Кабаков, «Цирк артистерінің ассоциациясы» қоғамдық ұйымының мүшесі-құрылтайшысы Лолита Липинска, Түркмендік цирк директоры Иламанов Аннамухаммед, Қазақ Мемлекеттік циркінің директоры – көркемдік жетекшісі, мәдениеттанушы Бақыт Бөкебаев  және «Оңтүстік-Цирк» бас директоры Арман Әлиев бар.
Фестивальге құрметті қонақ ретінде  Венгриядан танымал піл үйретуші Ричард Такас пен Украинадан шоу-бағдарламалардың жетекшісі Виктория Гриценко шақырылды.

Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы

Пікір жазу