Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРНАЙЫ ТОП ЖҰМЫСЫ ТОП ТҮЛКІБАС АУДАНЫНА БАРДЫ

АРНАЙЫ ТОП ЖҰМЫСЫ ТОП ТҮЛКІБАС АУДАНЫНА БАРДЫ

Заңсыз жолаушылар тасымалдау тыйылмай түр. Әсіресе, көліктен түскен жолаушыға жармасатын жүргізушілер бұл іске әбден машықтанып алған. Ертерек әрекетке көшпесең алдыңды орап кетеді.

Тәуліктің кез-келген сағатында қатынас үзілмейтін жер — қала аралық заңсыз автотұрақ. Бұл тақырып көптен бері көпшіліктің талқысында жүр.

Осы орайда, облыс әкімі Ж.Түймебаевтың өңірдегі заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою тапсырмасына байланысты арнайы жұмысшы топ Түлкібас ауданына барды.

Жұмыс барысында Түлкібас ауданының орталығы Тұрар Рысқұлов елді мекенінде заңсыз жолаушылар тасымалын аттандыратын екі орын анықталып, аталған кемшіліктерге нұсқаулықтар берілді. Сондай-ақ, аудан әкімдігі тарапынан анықталған заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын 75 көліктің 10-ы аудан әкімдігіне такси тасымалы қызметін бастағандығы жөнінде хабарлама беріп, өз қызметтерін заңдастырды.

Жұмыс қорытындысымен аудан әкімдігіне жеңіл такси көліктеріне арнайы такси тұрақ ұйымдастырып, қысқа мерзім ішінде барлық жеңіл такси көліктерінің жұмысын заңдастыру тапсырылды.

Алдағы уақытта бекітілген кестеге сәйкес аудан, қала әкімдіктерінде аталған жұмыстар  тұрақты жүргізілетін болады.

 

Пікір жазу