Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ШАРДАРАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ

ШАРДАРАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ

Өңіріміз жоғары туристік потенциалға ие. Сол мүмкіндікті пайдалана алмай келеміз. Осы саланы көтеру мақсатында тиісті нақты шараларды қолға алуымыз керек. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев туризм саласының өкілдерімен өткен жиында мәлімдеді.


Басқосуға облыстық басқарма басшылары, туристік агенттік пен тарихи, мәдени орталық жетекшілері және қолөнер шеберлері қатысып, аталған саланы дамыту жайында ұсыныс пікірлерін білдірді. Жиынға төрағалық еткен аймақ басшысы өңіріміздегі туризм саласын түлетудегі негізгі алғы шарттарын атап өтті.

Одан бөлек, өңір басшысы Шардара ауданында халықаралық туристік фестиваль өткізуді тапсырды. Шетелдік туристік агенттердің қатысуымен өтетін шараның мақсаты – шағалалы Шардарадағы демалыс аймақтарын әлемдік деңгейде насихаттау.

Өз кезегінде туристік агенттіктер қауымдастығының төрайымы Гүлмира Ақбердиева сервистік қызмет көрсетуге үйрететін орталық ашуды ұсынды.

Жиын барысында облыс орталығы Түркістан қаласының даму жоспары да кеңінен талқыланды. Аймақ басшысы Қ.А.Ясауи кесенесінің маңына ескі шығыстық үлгідегі ғимараттардың бой көтеретінін айтты.

Пікір жазу