Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ӘЛЕУЕТІ АРТҚАН САЯЛЫ САРЫАҒАШ

ӘЛЕУЕТІ АРТҚАН САЯЛЫ САРЫАҒАШ

Елбасы міндеттеген тапсырмалар мен мемлекеттік бағдарламалардың  ауданда жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында іс-сапармен келген аймақ басшысы ең алдымен Азаттық елді мекеніндегі «Қанат» шаруа қожалығының жұмысын аралап көрді.

Қожалықтың жұмысымен таныстырған серіктестік иесі Марат Мырзахметов бүгінде мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың нәтижесінде кәсібін дөңгелетіп отырғанын айтады. Оның айтуынша, өткен жылы 1 гектар жылыжайдан 75 тонна қызанақ, 3,5 гектар жерден 125 тонна бақша өнімдерін алған. 8 адамды жұмыспен қамтып отыр ол биыл да жылыжайда қызынақ өсіріп, егістікке асқабақ дақылын еккенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек, облыс әкімі Сырабад елді мекеніндегі «Эверест» шаруа қожалығының егістік алқабыныңда болды. Мақта, жоңышқа, бақша шаруашылығымен айналысатын серіктестік 1997 жылы құрылған.  Шаруашылық өткен жылы 24 тонна жоңышқа, 60 тонна бақша дақылдарын өндірген. Ал биылғы жылы 2,45 гектар жерге мақта, 1 гектар алқапқа бақша, 1 гектарға жоңышқа дақылын егіп, агротехникалық іс-шараларды тиімді ұйымдастырып отыр.

Сапары барысында Ж.Түймебаев Атамекен ауылдық округі, Талапты ауылындағы «Майбек» шаруа қожалығындағы егілген қарбыз алқабының жұмысымен танысты.   Екі гектар жерге егілген бақша дақылы бүгінде пісуге шақ қалған. Қожалық биыл 3 гектар жерге мақта, 2 гектар жерге бақша, 1,74 гектар жерге көкөніс дақылдарын еккен.

 

(Ә.Ә.)

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу