Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КӘСІПКЕРДІҢ ҚОЛҰШЫ

КӘСІПКЕРДІҢ ҚОЛҰШЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында Отырар ауданындағы Ақтөбе ауылында туған жерге деген тартулардың бірін жеке кәсіпкер Есбол Қамбаров жасады. Бұл – заманауи талапқа сай 240 орындық Әуесбек Қамбаров атындағы спорт кешені елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейлі жылы аясында және қасиетті Рамазан айында пайдалануға берілді. 

  
Спорттық нысанның салтанатты ашылуына аудан әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, болашақа осы жерден елдің абыройын асқақтатар спортшылар шықсын деген тілегін жеткізді. Ауыл тұрғындарының алғысына бөленген жаны жомарт азаматқа ел ағалары құрметпен ер қанаты ат мінгізіп, иығына зерлі шапан жапты.

Ендігі жерде ауыл тұрғындары спорттың күрес, бокс, кіші футбол, воллейбол, баскетбол, үстел теннисі секілді бірнеше түрімен шұғылданып, бұқаралық спортты дамытуға өз үлестерін қосатын болады.

Спорт кешенінің ашылу рәсімінен соң тыл ардагері Әуесбек Қамбарұлын еске алуға арналған воллейболдан облыстық біріншілікпен жалғасын тапты. 
Тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтіп жатқан турнирге облысымыздан 10 команда қатысып, бақтарын сынады.

(Ә.Ә.)

Азат Дидарбектің фоторепортажы

Пікір жазу