Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Түркістан облысында Аумақтық қорғаныстың арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Түркістан облысында Аумақтық қорғаныстың арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Түркістан облысының орталығындағы 74884 әскери бөлімінің оқу полигонының базасында аумақтық қорғаныс бөлімшесінің жергілікті әкімдіктің, ұйымдардың, қызметтік мекемелердің қатысуымен сапалы жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындық мақсатында арнайы-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді.

Далалық лагерде өткен арнайы-тактикалық оқу жаттығуына Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің Аумақтық қорғаныс Бас басқармасының әскерилері жетекшілік етті. Бұл шараның өтуіне Түркістан облыстық ішкі істер басқармасының арнайы тобы, «Күзет» мамандандырылған күзет қызметі, жергілікті полиция қызметі, көші-қон полициясы, Төтенше жағдайлар басқармасы және аумақтық қорғанысқа қатысты бөлімдер атсалысты. Сонымен қатар облыстық, қалалық әкімдіктің және аумақтық қорғаныс басқармасының лауазымды тұлғалары тартылды.

ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Ел Президенті — аумақтық қорғаныс мәселелеріне  үлкен мән береді.

Бұл оқу жаттығу шаралары 2020 жылғы дейінгі мемлекеттің аумақтық қорғаныс жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындайтын Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы жүйесіндегі аумақтық қорғаныс жүйесін интеграциялау тұжырымдамасына» сәйкес өткізіліп отыр.

Жаттығу барысында дайындыққа 200-ге жуық адам қатысса, оның 132-сі әскери міндеттілер мен аумақтық әскери бөлімде есепте тұрған әскерге шақырылғандар.

Бұл жаттығулардың негізгі мақсаты — Аумақтық әскерлердің жауынгерлік міндеттерді орындаудағы білімдерін жетілдіру, әскери міндеттілердің білімдерін қайта жаңғыртуға және оларды жауынгерлік жағдайға баулу, жалпы аумақтық қорғаныс міндеттерін орындау үшін аумақтық қорғаныс істерінің жұмысын жетілдіріп отыру болып табылады.

Жауынгерлік жағдайға бейімдеуге арналған бұл арнайы-тактикалық оқу жаттығулардың нәтижесінде шараға қатыстырылғандар практикалық бағыттағы білімдерін жетілдіруге көп мүмкіндік алды. Келешекте еліміздің барлық өңірлерінде атқарушы органдардың араласуымен аумақтық қорғаныс істерін жетілдіру мақсатында жоспарлы түрде практикалық іс-шаралар жүргізілетін болады.

Пікір жазу