Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БӘЙДІБЕКТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ СПОРТ НЫСАНДАРЫ САЛЫНУДА

БӘЙДІБЕКТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ СПОРТ НЫСАНДАРЫ САЛЫНУДА

Бүгінде Шаян ауылында жеке инвесторлар жалпы құны 1,3 млрд. теңгеге жабық теннис корты, жүзу бассейні, және спорт алаңшаларының құрылысын бастап кетті. Бұл нысанмен бүгін Бәйдібек ауданына арнайы баспасөз-турымен барған БАҚ өкілдері танысты. Құрылыс нысандарын түркиялық мердігер компания салып жатыр. Бұл нысандар биыл пайдалануға берілмек. Теннис корты сапалы төсенішпен жабдықталған.

Ал, жабық бассейннің ұзындығы 25 метр болса, ені — 11 метр. Бассейн автоматты тазалау жүйесімен жабдықталып жатыр. Нысандар 1-2 ай көлемінде пайдалануға берілмек. Енді ауданда үлкен теннис, жүзу спорты дамымақ. Бүгінде аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты 1 спорттық кешен, 5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істеп тұр. Биылдың өзінде аудандағы спорт мектептеріндегі 40-қа жуық спортшы облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардан жүлдемен оралды.

Мұндай халықаралық деңгейдегі спорт нысанының салынғанына аудан тұрғындарының ризашылығы шексіз.

Пікір жазу