Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰЛЫ ТҰЛҒАҒА ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

ҰЛЫ ТҰЛҒАҒА ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Түлкібас ауданының 90 жылдығына орай аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылында мемлекет қайраткері, ұлы тұлға Тұрар Рысқұловқа ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің салтанатты ашылуына аудан тұрғындары көптеп жиналып, ризашылықтарын білдіріп жатты.


Іс-шарада аудан әкімі Н.Тұрашбеков қазақтың біртуар ұлы Т.Рысқұлов халқы үшін аянбай еңбек етіп, қазақ елінің тәуелсіз ел болуы жолында атқарған жұмысы мен ел басына күн туған қиын-қыстау заманда халқының амандығы мен бостандығы үшін басын қатерге тіккенін тілге тиек етті.

Осыған орай халықтың жоғын жоқтап, мұның арқалаған асыл азаматқа арнап жаңа ескерткіш бой көтеріп отыр деді. Іс-шара да сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагері М.Төлепбергенов сөз алып, атқарылған игі іске ризашылығын білдірді. Айта кететін жайт, бұл ескерткіштер демеушілердің ұйытқы болуымен іске асты. Алдағы уақытта ауданның 90 жылдығына орай бірқатар өнегелі істер атқарылмақ.

Пікір жазу