Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Келес ауданының әкімі А.Есбаев әлем чемпионы Ә.Құрбанқұловты қабылдады

Келес ауданының әкімі А.Есбаев әлем чемпионы Ә.Құрбанқұловты қабылдады

Келес ауданының әкімі А.Есбаев түрік күресінен әлем чемпионы атанған жерлесіміз Ә.Құрбанқұловты қабылдады, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz  ақпараттық агенттігі.

Қырғызстан Республикасында өтіп жатқан III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Келес ауданы Ошақты ауылдық округінің тумасы Құрбанқұлов Әуезхан түрік күресінен 65 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Әлем чемпионы Келес ауданы әкімі Ақментай Есбаевтың қабылдауында болды. Алтынды олжалаған оғлан батырды жеңісімен құттықтаған аудан басшысы жерлесімізге алғыс хатын табыстады.
III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны ЮНЕСКО-ның қолдауымен өтеді. Бұл халықаралық ұйымның қамқорлығымен қатар, шара барысында ЮНЕСКО логотипін қолдануға мүмкіндік береді. Жаһандық шара алғаш рет 2014 жылы Ыстықкөлде жалауын желбіретті.

Айта кетейік, Қырғызстан Республикасындағы бір аптаға созылған көшпенділердің байрақты бәсекеде ел құрамасы 72 медальмен екінші орынға жайғасты. Біздің қоржында 18 алтын, 24 күміс, 30 қола медаль бар. Бірінші орынды жарыс қожайындары Қырғызстан құрамасы иеленді. Олар 37 спорт түрінен сынға түсіп, 40 алтын, 32 күміс, 31 қола, жалпы 103 жүлдені жеңіп алды. Үздік үштікті 56 медальмен Ресей Федерациясы қорытындылады. Олар да 17 алтын, 24 күміс, 27 қола.

Пікір жазу