Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Жетісай ауданының басшысы редакция ұжымымен кездесті

Жетісай ауданының басшысы редакция ұжымымен кездесті

Жетісай ауданының басшысы редакция ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Талай жылдық тарихы бар «Мақтаарал» аудандық қоғамдық-саяси газетінің аты бірер күнде «Жетісай» деп өзгертілетін болады. Бүгін бұл туралы редакцияға арнайы барып, шығармашылық ұжыммен кездесуінде Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев мәлім етті.
Алдымен аудан басшысы редакцияның тыныс-тіршілігімен танысып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
«Бүгінгі күнді ақпаратсыз елестету мүмкін емес. Аудан халқына ақпаратты уақытылы жеткізіп, ел көлеміндегі жайттардан құлағдар ететін тілшілер қауымының да қоғам үшін сіңіріп отырған еңбегі орасан. Сондықтан бүгін редакцияларыңызға арнайы атбасын бұрып, танысып шығуды жөн санадым. Сондай-ақ, сіздерге «Мақтаарал» аудандық қоғамдық-саяси газетінің Жетісай ауданында қалатынын және атауы «Жетісай» деп өзгертілгелі отырғанын хабарлайын деп келдім. «Мақтаарал» газеті – ауданның айнасы. Алдағы уақытта да бұқара мен билік арасында алтын көпір орнатып, ел ішіндегі тыныштықты, рухани тұрақтылықты сақтауға үлес қоса беретіндеріңізге сенемін» , — деді Жамантай Қанайұлы.
Бүгінде аудандық газетте 8 адам жұмыс істейді. Мұндағы мамандардың материалдық-техникалық жабдықталуы мен мүмкіндіктері де жаман емес. Алдағы бірер күнде газеттің ресми сайты іске қосылмақ. Сондай-ақ, жылдағы газетке жазылу науқанында редакция ұжымы белсенді түрде жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*