Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТЕДІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТЕДІ

20-21 қыркүйек күндері Түркістанда Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы жəне «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасында дəстүрлі «Ясауитану – 2018» халықаралық байқауы өтеді.


Білім және өнер сайысының мақсаты- Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы мен ілімін, «Әзірет Сұлтан» кесенесіне жерленген дара тұлғалардың елі үшін атқарған еңбектерін, сондай-ақ, Түркістан қаласының тарихын, Әмір Темір дәуірінен қалған құнды ортағасырлық жәдігерлерді және музей ісін насихаттау.
Байқаудың ережесі бойынша халықаралық сайысқа үш кезеңнен тұратын іріктеу сындарынан жеңіске жеткен Қазақстан, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 41 оқушы қатысады.
«Ясауитану» байқауы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде оқушылар еш мүдірмей, қатесіз Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін жатқа айту жағынан сайысқа түседі.


Екінші кезең- сұрақ-жауап. Бұл сында оқушылар Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге қатысты алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап береді.
Екі кезеңнен кейін сайыскерлердің жинаған ұпайлары қосылып, қорытындысында жоғарғы нәтиже көрсеткен сайыскер жеңімпаз атанады. Осы жүйемен қалған қатысушылар да жүлделі орындарға ие болады.
Жеңімпаздар диплом және сыйлықтармен, ал оларға жетекшілік жасаған ұстаздар арнайы сертификатпен марапатталады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу