Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 164)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

ШАҺАРДА 393 КӨШЕ ЖАРЫҚШАМДАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Қазіргі таңда  Түркістан қаласының аумағындағы 393 көше жарықтандыру жүйесімен қамтылған, бұл жалпы жарықтандырылған көшелер үлесімен есептегенде 44,9%-ды құрайды. Жалпы 2022 жылы Түркістан қаласы аумағында 176,4 шақырымды құрайтын 142 көшеге жарықтандыру жүйесінің құрылысы жүргізіліп, оның қазіргі уақытта 123,1 шақырымды 93 көшесі толығымен іске қосылды. Қалған, 53,3 шақырымды құрайтын 49 көшені жарық көзімен қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-імен бірлесе техникалық ...

Толығырақ »

ҰСТАЗ БОЛУ — ЖҮРЕКТІҢ АСЫЛДЫҒЫ!

Қазан айының бірінші жексенбісі елімізде — Ұлағатты ұстаздардың мерекесі. Білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпақты өмірге баулитын ұлы мамандық иелері құрметіне мерекелік жиын өтті. Оқушылар сарайында өткен салатанатты шарада қала әкімі шаһардың білім саласына еңбегі сіңген зейнеттегі ұстаздар мен бала тәрбиесінде елеулі еңбек етіп жүрген мұғалімдерді марапаттады. Құттықтау сөзін алған шаһар басшысы өз сөзінде, «Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы деген сөз ...

Толығырақ »

ТҮРКИЯ МЕН ТҮРКІСТАН АРАСЫНДАҒЫ ДОСТАСТЫҚ КЕЛІСІМІ НЫҒАЯ ТҮСТІ

Бүгін Түркістан қаласы мен Түркияның Мальтепе муниципалитеті арасында «Достастық» меморандумына қол қойылып, түркі әлемінің рухани астанасы атанған шаһарда қоғамдық маңызы бар шара өтті. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы мен Мальтепе муниципалитетінің басшысы Али Кылыч екі шаһар арасындағы достастық келісімін қабылдап, қол алысты. Алғы сөз алған, шаһар басшысы «Біз түбі бір бауырлас халықпыз, сенімді стратегиялық әріптеспіз. Түркі жұртының рухани астанасы — ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 393 КӨШЕ ЖАРЫҚШАМДАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Түркістан қаласы аумағындағы 393 көше жарықтандыру жүйесімен қамтылып, жалпы жарықтандырылған көшелер үлесімен есептегенде 44,9%-ды құрайды. Биыл Түркістан қаласы аумағында 176,4 шақырымды құрайтын 142 көшеге жарықтандыру жүйесінің құрылысы жүргізілді. Оның қазіргі уақытта 123,1 шақырымды 93 көшесі толығымен іске қосылды. Қазіргі уақытта қалған, 53,3 шақырымды құрайтын 49 көшені жарық көзімен қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-імен бірлесе техникалық шарт әзірленіп жатыр. ...

Толығырақ »

Түркістанда «Біз дәрменсіз емеспіз!» атты іс-шара өтті

Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты мекемелерде жыл бойы қоғамдық маңызы бар шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Қалалық балалар, №1,2,9 кітапхана-филиалдарының ұйымдастыруымен «Жұлдыз» кафесінде  «Жігерлі жүрек» қоғамдық бірлестігіндегі мүмкіндігі шектеулі балалармен  «Біз дәрменсіз емеспіз!» атты тақырыпта  мерекелік шара болып өтті. Аталған шара барысында кітапханашылар мүмкіндігі шектеулі балалардың өздерін толыққанды сезінуіне және олардың ой-өрісін дамыту мақсатында түрлі сұрақтар қою арқылы және де ата-аналарына ...

Толығырақ »

ЖАСТАРДЫҢ ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін Сайрам ауданында білім саласын үйлестіретін аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиевтің төрағалығымен ағымдағы жылы орын алған суицид фактілері, тиісті мектеп оқушысына қорғаншылық немесе балалар үйіне орналастыру, сонымен қатар бала құқықтарын қорғау мәселелері қаралды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Сайрам ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау бойынша өткен ведомствоаралық комиссиясының отырысына ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков аудан тұрғындарымен кезекті жеке қабылдауын өткізді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аудан басшысына Көлкент ауылдық округіне қарасты Ханқорған ауылының тұрғыны М.Өмірзақов ауыл аумағынан ағып өтетін Арыс өзенінің арнасынан қалпына келтіру, осы ауылға спорт ғимаратының құрылысын жүргізу, ауылдық мәдениет үйі мен кітапхана ашудың қажеттілігін жеткізді. Келесі кезекте Қарасу Ауылдық Округінің ...

Толығырақ »

Мұрат Әйтенов Тұрандағы үйлердің сапасын тексеріп шықты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Тұран» шағын ауданындағы биыл берілетін тұрғын үйлер мен оған қатысты инфрақұрылым жүйелерінің сапасын тексеріп шықты. Өздеріңізге белгілі, халықпен кездесу барысындағы тұрғындардан түскен шағымдар негізінде шаhар басшысы әрбір нысанды жіті бақылауына алып, тұрғындар және тиісті сала басшыларынан тұратын арнайы топ құрған болатын. Осылайша, кәсіби «технадзор»-лардан бөлек, Мұрат Әйтенов жұмыс тобымен аталған аудан аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан ...

Толығырақ »

Шымкент қаласы жаңа саябақпен толығады

Шымкент қаласының 11- ші шағын ауданына қарасты жаңа саябақ құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қала әкімі нысанның жұмыс сапасын бақылап, тексеріп шықты. 1,600 га аумақты қамтитын саябақта амфитеатр, құрғақ субұрқақ, сыйымдылығы 140 м3 болатын жер асты су сорғысы орнатылды. Сонымен қоса ересектер мен балаларға арналған демалыс аймағы, шахмат, үстел теннисін ойнауға болатын ойын алаңы, велосипед қойылатын жер, ...

Толығырақ »

Шымкентте қоғамдық көліктердің саны артты

Шымкент қаласында жаңа аялдамалар орнатылып, жол сызықтары жаңартылуда. Автобустардың саны артып, автопарктердегі қоғамдық көліктердің саны 1000-ға жетті. Бүгінде жолаушылар үшін қала іші және қала маңындағы 78 бағыт бойынша барлығы 882 қоғамдық көлік қызмет көрсетуде. Тұрғындар тарапынан көліктер санын көбейту туралы өтініштер саны көбейген. Осы мәселе бойынша , әлеуметтік маңызы бар; №45 бағыттағы қоғамдық көлігіне қосымша 4 автобус қосылып, жалпы саны ...

Толығырақ »

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Облыс орталығы Түркістан қаласында медицина саласы дамуына еңбек сіңірген дәрігер — Жаримбетова Зираш Қазыбекқызын еске алуға арналған қоғамдық маңызы бар волейболдан қалалық ашық біріншілік өтті. Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өткен бәйгеде 12 медицина мекемесі бақ сынасты. Жарыс нәтижесінде командалық есеп бойынша: 1-ші орынды — Түркістан облыстық «Жедел жәрдем» қызметі 2-ші орынды — Халықаралық ...

Толығырақ »

«ТҮРКІСТАНЫМ — ТҰРАНЫМ» АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

«Ұлы дала елі» орталығында ақын Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығына орай «Түркістаным — Тұраным» қалалық ақындар айтысы өтті. Түркістан қалалық әкімдігінің қолдауымен, Түркістан қалалық «Мәдениет үйінің» ұйымдастыруымен өткен жыр додасына 10 айтыскер ақын 5 жұпты құрап қатысты. Жас ақындардың өнерін бағалап, әділ төрелігін танытар қазылар алқасының құрамында айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, «Профессор Құлбек Ергөбек ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» ФОТОКӨРМЕСІ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде «Ұлы Даланың жеті қыры» фотокөрмесі ұйымдастырылды. Рухани құндылығы мол шарада халқымыздың салт-дәстүрі, Түркістан өңірінің тарихи орындары және мәдени сәулеттік ескерткіштерінен сыр шертетін суреттер қойылып, көрмеге келушілердің жақынырақ танысуына мүмкіндік жасалды. Сайысқа облыс бойынша 17 аудан, қаладан 50-ден астам фототілші қатысып, әрқайсысы өздерінің тақырыпқа сай екі туындысын көпшілік назарына ұсынды. Фотоөнерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған игілікті ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ГАСТРОКАРТАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Түркістан қаласында алғаш рет «GASTRO FEST TURKISTAN — 2022» ауқымды фестивалі өтті. Облыс орталығында өткен іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысып, фестиваль аясында халықаралық туризм күніне байланысты сала қызметкерлерін Алғыс хаттармен марапаттады. Гастрофестиваль – Түркістан қаласының көрнекі белгісіне айналатын, өңірдегі қоғамдық тамақтандыру саласын дамытуға және гастрономиялық брендін қалыптастыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған аймақтағы ауқымды аспаздық шара. Қаланың 25-тен ...

Толығырақ »

Шымкенттегі Арғынбеков көшесі 1 айдан соң көлік қозғалысына ашылады

Шымкент қаласындағы “Бәйдібек би” даңғылы мен “Арғынбеков” көшесінің қиылысында жолайрық құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Үш деңгейлі жолайрық құрылысы 2022-2023 жылдар аралығында қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асуда. Бұл, өз кезегінде аталған көшеде көлік кептелісін болдырмауға зор септігін тигізеді. Жұмыс барысының кезеңдік кестелерге сәйкестігі мен сапасын тексеру мақсатында шаhар басшысы құрылыс нысанын көріп шықты. ...

Толығырақ »

Түркістанда «Шертпе күйдің шебері» атты күй кеші өтті

Түркістан қаласы кітапханалар жүйесінің жылдық жоспарына сәйкес, кітапханалар жүйелеріне қарасты мекемелерде «Жаһандағы заманауи Қазақстандағы мәдениет» тақырыбымен бірқатар  іс-шаралардың топтамасы ұйымдастырылып өткізілді, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі. Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 кітапхана-филиалында Сүгір Әлиұлының туған күніне орай «Шертпе күйдің шебері»атты күй кеші өтті. Оған «Өнер» мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Кештің негізгі мақсаты — оқырмандарға Сүгірдің өмірі мен шығармашылығын ...

Толығырақ »

АРДАГЕР — ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН!

1 қазан — Халықаралық ұрпақтар ынтымақтастығы және Қарттар күнінде, «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» бағдарламасы аясында, Сайрам ауданы мәслихатының депутаты,«Ақсукент» бастауыш партия ұйымының төрағасы Султанов Сакен Әбдіәшімұлының ұйымдастыруымен, Оқу-өндірістік комбинатында қызмет еткен ардагер ұстаздарды құрметтеп, сый-сиапаттар табыстап, мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Ұстаздар күні қарсаңында өткізілген бұл іс-шарада мекеме басшылығы мен ұжым атынан ұстаз ардагерлерге жылы лебіздер айтылды. Құрметті ардагер ұстаздар! «Алты алаштың ...

Толығырақ »

БҮГІН САЙРАМ ӘКІМІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІК ТАҒАЙЫНДАУЛАРДЫ ТАНЫСТЫРДЫ

Бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков ағымдағы жылдың 3 қазан айынан бастап ауданда мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде бірқатар өзгеріс орын алғанын атап, басшылық лауазымдарға жаңадан тағайындалған басшыларды таныстырды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Атап айтқанда, «Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің басшысы лауазымына Сарыбеков Нұрлан Өмірбекұлы, «Сайрам ауданы әкімдігінің халықты ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Хасанов Бахытбек Сембекұлы жаңадан тағайындалған басшыларды ұжымдарына таныстырды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына Сарыбеков Нұрлан Өмірбекұлы және аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры қызметіне Қазанғапов Абзал Дәулетәліұлдарын тағайындауларымен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Әлеуметтік салаға келген қос бірдей басшыларды ...

Толығырақ »

Шымкентте «Жарық нұры ғаламның» атты мерекелік кеш өтті

Шымкент қалалық “Опера және балет”театрында «Жарық нұры ғаламның» атты Ұстаздар күні қарсаңында мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды didarbek.kz. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, шәкірт тәрбиелеу жолында талмай еңбек еткен және білім саласына үлесін қосып жүрген мұғалімдерді салтанатты түрде марапаттады. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет екенін айтқан шаһар басшысы әрбір ұстаз құрмет пен мемлекеттік наградаға лайықты ...

Толығырақ »

Мұрат Әйтенов бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесті

Шымкенттегі “Көрме” орталығында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылып, бизнес қауымдастық өкілдерінің кездесуі өтті. Қалалық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ұйымдастырылған шараға шаһар басшысы Мұрат Әйтенов, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары-Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков, құқық қорғау орган қызметкерлері, салалық құрылым басшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Үшінші мегаполистің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі драйвері — кәсіпкерлік саласы. Шымкенттегі жалпы өңірлік өнімнің үштен ...

Толығырақ »

Ақмаңдайлым әнші — 100 жыл

Биыл Алаштың ақ маңдайлы аруы Роза Бағланованың туғанына – 100 жыл. Ол 1922 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген. Қазақстанның, КСРО-ның және Қырғызтанның халық әртісі. Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінен бастап, Қазақ опера және балет театрында, «Қазақконцертте», Қазақ филармониясында жалғастырып, ұлттық ән өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Ұлы Отан соғысы жылдары майданда өнер көрсетіп, 1945 жылы ...

Толығырақ »

Қазығұрт ауданының әкімі ұлағатты ұстаздарды құттықтады

Құрметті ұстаздар мен білім саласының ардагерлері! Сіздерді қазан айының бірінші жексенбі кәсіби мерекелеріңіз, мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! «ҰСТАЗ»! Осы бір сөздің түбінде — қаншама киелі құдірет, ұлағатты ұғым жатыр. Адам баласы жаңаны үйреніп, ғылымды игеріп, білімді тоқумен келеді. Қай кезеңде болмасын тәлім мен тәрбие беру — ең ұлы мұрат. Қай заманда болсын білімді ұрпақ тәрбиелеу бірінші кезекте тұрған мәселе. ...

Толығырақ »

Түркістанда «Қариялар – жаны дархан дариялар» атты іс-шара өтті

Елімізде  1 қазан — Халықаралық Қарттар күні атап өтіледі.  Бұл күні қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген ерен еңбектері мен мемлекетіміздің дамуына қосқан зор үлестерін жоғары бағалап, оларға сый-құрмет көрсетіледі. Осыған орай, 4 қазан күні Түркістан қалалық №9 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен 1 қазан — Қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күніне орай «Қариялар – жаны дархан дариялар» атты тақырыпта қазыналы қарттармен кездесу болып өтті. Іс ...

Толығырақ »

Түркістанда «Жырым мені ешқашан өлтірмейді» атты портреттік кеш өтті

Қазақ поэзиясына өзiндiк екпiн, соны леп, сергек сезiм, жылы шуақ, қажырлы қуат алып келген ақберен ақын Төлеген Айбергеновтің туғанына – 85 жыл Ақынның өз өрiсi, өз биiгi, алдына қойған арманы мен межелеген мақсаты бар. Ақын, әсте атақ үшiн жыр жазбайды. Кеудесiндегi жыр кенiн туған елiне берсем дейдi. Халқын жыр шәрбатымен сусындатқысы келедi. Сол үшiн жазады… Өлеңi өзiмен бiрге өлмеген ақындар ...

Толығырақ »