Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Отбасы – қай заманда болсын мықты мемлекеттің негізі болып есептеледі. Түлкібас ауданындағы үлгілі отбасыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауы бүгін өз мәресіне жетті.
Салтанатты іс-шара аудандық мәдениет үйінде өтті. Биылғы ұлттық конкурсқа ауданымыздың барлық округ, кенттерден бас-аяғы 15 жанұя іріктеліп алынды.
Осымен оныншы жыл қатарынан ұйымдастырылған байқаудың жеңімпазы арнайы құрылған комиссияның шешімі арқылы анықталды.
Нәтижесінде, ұлттық байқаудың жеңімпазы атағына Түлкібас кентінен Айтбаевтар отбасы лайық деп танылса, жүлделі екінші орынды Кемербастау ауылдық округінен қатысқан Кішкенебатыровтар отбасы иеленсе. Үздік үштікті арыстық Әбдрайымовтар жанұясы түйіндеді.
Байқау қорытындысына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов отбасы құндылықтарын дәріптеуге ат салысып, бүгінгі іс-шарада белсенділік танытқан отбасыларды құттықтады. Жүлделі орындардан көрінген отбасыларды арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Ал, қалған отбасылар ынталандыру сыйлықтарын иеленді.

Пікір жазу