«Жаз қызығы-көңілді демалыс» атты жазғы демалыс уақытындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-не қарасты Түлкібас аудандық бөлімі, бөлім басшысы Нұрлыбек Тоғысбайұлының бастауымен ұжым болып және 15 үйірме оқушыларымен Түркістан қаласына экскурсиялық саяхат ұйымдастырылды.
Экскурсиялық саяхаттың мақсаты: — Түркістан қаласына экскурсиялық танымдық саяхат, қалада орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштермен танысу;
— оқушыларға Қ.А.Ясауидің ілімі ұсынылатын ізгілікті ойлары туралы білім беру.
— оқушылардың Қ. А. Ясауи еңбегіндегі дүниетанымдық, философиялық тағылымдарын саралауына бағыт беру;
— ойшылдар еңбегін оқып-үйрену мен олардың мұраларына құрмет сезімдерін қалыптастыру.
— оқушыларды кесене аралай жүріп, топтық, ұжымдық, жекелей ойларын қалыптастыруға тәрбиелеу болды.
Оқушылар кесенедегі мұражай жетекшілерінің айтуымен бірнеше тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысып, Қ.А.Ясауидің өмірі мен шығармашылығы, кесененің жақтауларындағы жазулардың сыры жайында, қылует жер асты мешіті, XVI ғасырдағы шығыс моншасы, хан ордасы және кесене ішіндегі бірнеше көне жәдігерлер мен құлпы тастардың пайда болуымен Ұлықбектің қызы Рабиға Бегім Сұлтанның құлпы тасымен таныстырып, тарихын айтып және «Диуани хикмет» еңбегінің шығу жолдарын атап, еңбектің мазмұны мен ондағы мән-мағынасын айтып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге мол мүмкіндік алдық.
Танымдық саяхаттан соң, жас қаланың көрікті жерлерін аралап, Керуен сарай демалыс аймағына табан тіредік. Балалар экскурсиялық саяхатты өз дәрежесінде өткізіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
«Жаз қызығы-көңілді демалыс» демалыс уақытындағы саяхаттарымыз, іс-шараларымыз алдағы уақытта да өз жалғасын табады – деп сенім білдіреміз.
Айнұр ҚАЛЫБАЕВА,
“Жас туристер станциясының” әдіскері.