Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 20)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

КЕЛЕСТЕ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: КЕЛЕСТЕ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ Келес ауданының білім бөлімі мен Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернатында «Шағын жинақты мектептермен серіктестік аясында білім сапасын арттырудың проблемалары мен жаңашыл әдіс-тәсілдері» атты республикалық семинар өтті. Семинар мақсаты — мамандандырылған мектеп тәжірибесі негізінде серіктес шағын ...

Толығырақ »

ӨМІР САБАҒЫН ТҮСІНДІРГЕН ӨНЕГЕЛІ ҰСТАЗ

Білім беретін мамандарды мұғалім деген атайтынымыз анық. Алайда мұғалімнің міндеті тек ол емес. Бойға даналық нәрін, бақыт шуағын себетін ұстаздар әр күлді ыждағаттылықпен, махаббатпен баптайтын бағбан ба дерсің? Көңіл көкжиегіңді кеңітіп, ақыл өрісіңнің аясын молайтатын осынау аяулы жандарға мына өмірдегі әрбір адам қарыздар боп өтетіні анық. Себебі олардың өз өмірін жас бүлдіршіндерге арнайтын қайсар да қаһарман қасиетін өзге адамдардан табу ...

Толығырақ »

АНАЛАР ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНА ЕНГЕН ҰСТАЗ

«Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» демекші, Сауран ауданы, Шорнақ ауылының тұрғыны, 40 жылдан астам «ұстаздық етуден жалықпаған» ардақты ұстаз Балымхан Байтенова апай бүгінде сол бейнетінің зейнетін көріп жүрген асыл жандардың бірі. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаз жолында талай шәкірттер тәрбиелеп, сол шәкірттерге дара тұлғасымен үлгі бола білген, олардың өмірде өз жолдарын таңдауына, биік белестерге жетуіне үлес қосқан ...

Толығырақ »

САУРАН: ҰСТАЗДАР ЖАНҰЯСЫ АТАНҒАН АБЗАЛ ЖАНДАР

Қайран, мектеп табалдырығындағы өмір-ай. Неге ерте есеюге, тезірек мектепті бітіруге асықтық екен. Біздің кезімізде қыздар тәрбиесі туралы жиын көп болатын. Ол жиынға тек қыздар қатысатын. Есімізді білгелі қыздар жиналысына қатысып, ненің жақсы, ненің жаман екендігін біліп өстік. Ол кезде қысқа етек көйлекті ешкім кимейтін. Бейәдеп қылықты ешкім жасамайтын. Сонда да қыздар жиналысы жиі өтетін. Бүгінде ойлап қарасам, «Қызды қырық үйден ...

Толығырақ »

Мақсатымыз – жайлы университет жасау

Білім және ғылым саласын дамыту бүгінгі заман талабында кезек күттірмейтін іс екенін бүкілхалықтық педагогтер съезі дәлелдеп  бергендей. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен жиында білім саласында орындалуы тиіс негізгі жеті міндетті айқындап берді. Оның ішінде педагогтер сапасын көтеру,  білім беру жүйесін жаңа деңгейге шығару, жастарға озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беру мәселелері бізге үлкен жауапкершілік артады.    «Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Түркістан облысы прокуратруасының кәмелетке толмағандардың құқығы мен заңды мүдделерін сақтау, балалар арасындағы және оларға қарсы құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына жасалған талдаудың қорытындысы бойынша берілген ұсыныстар қаралды. Жиынға төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев балалар құқығын қорғау бағытындағы жұмыстарды сапалы атқару керектігін айтты. ...

Толығырақ »

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ НЕГІЗІНДЕГІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ МАҢЫЗЫ

Қазіргі кезде ғылыми-теориялық және әдістемелік (практикалық) тұрғыдан қазақ тілі оқулықтары мен оқу-құралдарындағы қазақ тілі дыбыстарының жайы жиі пікірталас тудырып келеді. Өйткені ғылыми тұрғыдан анықталған қазақ тілінің дыбыс құрамы мен қазіргі мектептерге арналған оқу бағдарламаларының арасында едәуір алшақтық бар. Қазіргі кездегі латын әліпбиіне көшу үстінде фонетикалық шешімін күтіп тұрған өзекті мәселелердің бірі – кірме таңбалар. Латын әліпбиі негізіндегі оқу-әдістеме жұмыстарын жетілдіру ...

Толығырақ »

ШӘКІРТТЕРДІ ШЫҢДАҒАН ШЕБЕР

Ұстаз болу сый етілген өміріне, Қиын бірақ оны алып жүруіде. Өмір жолын ұстаздыққа арнаған Талай мықты ұстаздар бар елімізде, -деген өлең жолдарындағыдай ұстаздаық ету ең асыл іс. Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол-мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, ұлттың да адамгершілік пен ерліктің де нағыз жанды өкілі. Үнемі баланың көзінде болу, әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «МЫҢ БАЛА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында Республика күні ұлттық мерекесіне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының қорытынды облыстық байқауы өтті. Аталған байқау Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды. Ашылу салтанатында сөз алған облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Керімбек Мырзабаев байқаудың қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтудағы рөліне тоқталып, қатысушыларға сәттілік ...

Толығырақ »

«Әлеуметтік жұмыс орны» жобасы әлеуметтік әлсіз топтың жағдайын жақсартуда

Төле би ауданы Киелі тас елді мекенінің тұрғыны Болысова Шырынкүл «Әлеуметтік жұмыс орны» жобасының қатысушысы. Бұл жобаға әдеттегідей жұмыссыздар, оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері, әлеуметтік жұмыс орындарын орналастырылған мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғалар қатыса алады. Шырынкүл ханым ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап жауапкершілігі шектеулі серіктестік «KAZРLAST» тігін шеберханасында жұмыс жасайды. Кейіпкеріміздің өзімен тілдескенімізде жұмысы өзіне ...

Толығырақ »

ҰСТАЗ БОЛУ – ЖҮРЕКТІҢ БАТЫРЛЫҒЫ

Айгерім Тұрсұнбаева 1985 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 2003 жылы №15 М.Жұмабаев атындағы орта мектепті үздік куәлікпен бітіріп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ Түрік университетіне оқуға түсіп, 2008 жылы математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Осылайша Айгерім Тұрсұнбаева ұстаздық жолындағы алғашқы қадамын 2008 жылдың қыркүйек айынан бастаған. Қазіргі таңда Түркістан қаласы,”Әмір Темір атындағы №3 жалпы орта мектебінің математика пәнінің ...

Толығырақ »

ҮЗДІК ҮЛГІ КӨРСЕТКЕН ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

Халқымыздың «аузын ашса жүрегі көрінеді» деген тәмсіл сөзі бір көргеннен бауырмашыл қасиетімен баурап алған Минираға да арналып айтылғандай. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дегендей, бүгінгі жазбамызда ақжарма мінезімен бізді қайран қалдырған Минира туралы ой толғамақпыз. Минира 1962 жылы 16 шілдеде Түркістан қаласында туылған. Ресей елінің Кемеровск мемлекеттік университетін бітіріп, математика пәнінің мұғалімі мамандығын алып шыққан. Өзі түлеп ұшқан алтын ұясы ...

Толығырақ »

Түркістанда әдістемелік көмек беруге арналған басқосу өтті

Түркістан облысының «Білім беруді дамыту орталығының» және Түркістан қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Оқушылардың үйірме жұмыстарына қызығушылығын қалыптастыру» тақырыбында әдістемелік көмек семинары өтті. Семинарға бөлімге қарасты білім беру ұйымдарының қосымша білім беру педегогтері мен үйірме жетекшілері және қызметті ұйымдастыру бойынша жауапты әдіскер қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Білім беруді дамыту орталығының» әдіскері Б.Қаймолдаева семинарды ашып жүргізіп отырды. Әмір Темір ...

Толығырақ »

ҮЛГІЛІ ҰСТАЗДЫҢ ҰЛАҒАТЫ

Ұстаз деген ұлағатты есім барлығымыз үшін қадірлі де қасиетті болып саналады. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей ұстаздықтың өзіндік қиыншылықтарымен қатар көңіл қуантарлық сәттері жиі болады. Ұстаздай ұлағатты тұлға шәкіртін білім нәрімен сусындатып қана қоймай, тәлім-тәрбиені қатар беріп, үлкен өмір жолына дайындай білуі қажет. Ұстаз өз саласының білгірі, сегіз қырлы, бір сырлы, құзіреттілігі мен педагогикалық шеберлігі жоғары адам болғаны абзал. ...

Толығырақ »

ПАРАСАТТЫ ҰСТАЗ – МЕКТЕП ҰСТЫНЫ

«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген сөз тегіннен тегін айтылмаған шығар. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін ол ұстаз. Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс. ...

Толығырақ »

ҰСТАЗ ҒИБРАТЫ ДАРЫҒАН ӨМІР

Бір күні кезекті семинардың алдында қағаздарымды реттеп отырсам, орта бойлы бір кісі кіріп келді. Жайдары жүзінен бақыттың лебі есетіндей. Келген бойда: Ұстаз, қолыңыздан сүйсем рұқсат па? – деді. Негізінде кісінің қолымнан сүйгенін бұрыннан қаламайтын едім. Жігіттің көңілін жықпайын деп: – Қаласаң қолымнан емес бетімнен сүй. Ол да қапсырып құшақтаған бойда бетімнен сүйді. Я, жігітім не үшін қолымнан сүйгің келді? Қонағым ...

Толығырақ »

ОЗЫҚ ҮЛГІДЕГІ БІЛІКТІ ҰСТАЗ

Бүгiнгi әңгiмемiздiң желiсi қазаққа келiн болған қарашай ұлтының қызы туралы болмақ. Қарашай қызы Лида жеңгемiзге жолығып, әдемi сыр-сұхбат құрдық. Өмiр жолына тереңiрек үңiлiп, бүгiнгi жастарға тәлiм-тәрбие берерлiк нәр алуға тырыстық. – Қазақстанға жер аударылып келген  қарашайлардың қатарында менiң әкемнiң де ата-аналары болған. Кейiн елдерiне қайтуға рұқсат берiлгенде,  туыстарына ермей Жамбыл қаласында   қалып қойған әкем Магамед  қазақ қызына үйленiптi. Өмiрге 9 ...

Толығырақ »

ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАЗ КЕЛБЕТІ

«Ұстаз деген ұлт тағдыры», – демекші бұл ғаламда ұстаздан тәлім-тәрбие алмаған маман иесі жоқ шығар. Педагог мамандығын оқығандар көп болғанымен, ұстаз болу тәжірибе жүзінде екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние екендігі шындық. Әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктерімен қоса, қиыншылықтары да қатар жүретіні белгілі. Дегенмен, «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деген сөз бар. Олай айтатын себебіміз, барлық мамандық иесі мектеп табалдырығын ...

Толығырақ »

ҰЛАҒАТТЫ АРДАГЕР ҰСТАЗ

Мемлекеттегі бейбітшілік және келісім, оның қауіпсіздігі және тұрақтылығы этносаралық қарым-қатынастың орнықтылығына, төзімділікке және оң бағытталғандығына көбіне көп байланысты. Жастарда патриотизмді, азаматтықты, дінге төзімділікті және халықтар достастығы сезімін қалыптастыруда көп ұлтты мемлекет шеңберінде дамып жатқан ұлттық қатынастар мәнді әсер етеді. Этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы теориялық негізінің және тұжырымдамалық алғы шартының айқындаушы компоненттерінің бірі – санына қарамай, әрбір этнос бүкіл адамзат үшін ...

Толығырақ »

ҰСТАЗ – РУХАНИ СУРЕТКЕР АДАМ

Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері. Парасат пен пайымды, ақыл мен білімді, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытушы тұлға. Шәкірт тәрбиелеуде өзінің сүбелі үлесін қосып жүрген қаламыздағы үлгілі ұстаздардың бірегейі Утеуова Гүлнар Көміртайқызы деп білеміз. Ұстаз. Осы сөздің ішінде қаншама ұғым жатыр. Өміріміздің бәйтерегі болған мұндай ұғымға кеудесінде жаны бар әр адам өмір бойы ризашылық білдірумен өтетіні жасырын емес. ...

Толығырақ »

ӨНЕР МАЙТАЛМАНЫНА АЙНАЛҒАН ҰСТАЗ

Әсем әні қалықтаған қазақ даласында небір халық композиторлары жүрек түкпірінен жан тербеп шыққан әсерлі әндерін шығарып, кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырды. Міне, осы өнер бүгінде жалғасын тауып, мөлдір бұлақтай көзі ашылып отыр. Ән салған адам сезім қылын шертетін әдемі үнімен жүрек тебірентеді. Тыңдаушының жанын жадыратып, мұңын тарқатады. Бүгінгі әңгіме киелі өнер иесі, танымал әнші әрі тамаша сазгер туралы өрбімек. Қаламқас ...

Толығырақ »

ДҮНИЕДЕГІ МАМАНДЫҚ АТАУЛЫНЫҢ ТӨРЕСІ – ҰСТАЗДЫҚ

Ұстаз – шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам. Ұстаз болу – екінің бірінің қолынан келмес, әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. «Мұғалім мамандығы барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ғалым да, батыр мен ақын да, темір балқытқан жұмысшы мен диқан да, мал бағып терін төккен шопан мен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 317 бұйрығымен өзгерістер енгізілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 16 ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИЛІК ҰСТАЗДАР ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҚТАРЫН ҚҰРАСТЫРҒАН

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ ҰЛЫЛЫҚ – ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты Ш.Құдайбердиев атындағы №32 ЖББМ-нің «Орыс тілі мен әдебиеті» кабинетіне 40 жылға жуық ұстаздық қызмет етіп, өмірі ұрпаққа өнеге болған Қарабекова Гүлзинат Кәрімқызының есімі берілді. Кабинеттің ашылу салтанатына аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, Гүлзинат Кәрімқызының ...

Толығырақ »

Саурандық оқушылар волейболдан өткен қыздар арасындағы турнирде жеңіс тұғырынан көрінді

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: Басқарма басшысының төрағалығымен алғашқы аппарат жиыны өтті Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Жұмашев Ғалымжан Сұлтанбекұлының төрағалығымен алғашқы аппарат жиыны өтті. Жиынға басқармадағы жауапты мамандар және (аудан/қаладағы) білім бөлімдерінің басшылары қатысты. Күн тәртібінде: Білім нысандарының 2023-2024 оқу жылдардағы күзгі-қысқы жылу беру маусымына дайындық барысы пысықталды. Жалпы, ...

Толығырақ »