Бүгін Тұран ауданы аумағында тұрғындармен кездесулер барысында айтылған ұсыныстар мен өзекті мәселелер бойынша кезекті аралау өткізілді.
Аралау барысында 112 шағынауданы, Ғ. Іляев көшесі, Ю. Гагарин көшесі, Жарқымбеков көшесі және Нұрпейісова көшесі қамтылды.
Аралау кезінде кәріз жүйесін реттеу, сейсмикалық (жер сілкінісіне төзімділікті арттыру) нығайту жұмыстарын жүргізу, қоғамдық кеңістіктерді жайластыру, бейнебақылау камераларын орнату, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық көлік қызметін жақсарту және аумақты күтіп ұстауға қатысты мәселелер қаралды.
Аралау қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешудің нақты бағыттары айқындалып, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
Көтерілген мәселелерді жүйелі түрде шешу мақсатында инженерлік инфрақұрылым нысандарына кешенді техникалық диагностика жүргізу қажеттілігі атап өтілді. Әсіресе кәріз және су бұру жүйелерінің өткізу қабілетін арттыру, тозған учаскелерді кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары негізгі басым бағыт ретінде қарастырылуда.
Сонымен қатар, сейсмикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес көпқабатты тұрғын үйлердің конструкциялық беріктігін күшейту бағытындағы шаралар пысықталды. Бұл ретте тиісті жобалау-сметалық құжаттамаларды жаңарту және техникалық сараптамадан өткізу жұмыстары қолға алынбақ.
Қоғамдық кеңістіктерді дамыту аясында жарықтандыру жүйелерін жаңғырту, бейнебақылау желісін кеңейту және жол инфрақұрылымын қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру мәселелері қарастырылды. Бұл шаралар тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған.
Сондай-ақ қоғамдық көлік қозғалысын оңтайландыру және маршруттық желіні қайта қарау бойынша ұсыныстар енгізіліп, жолаушылар ағыны көп бағыттарда қозғалыс жиілігін арттыру қажеттілігі айтылды. Барлық атқарылатын жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, тұрақты бақылауда болады.
Тиісті бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін жауапты мекемелердің өзара үйлесімді әрекет етуі күшейтіліп, әрбір жоба бойынша орындалу мерзімдері мен сапалық көрсеткіштерге ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктерді жедел жою және қайта орын алмауы үшін тұрақты мониторинг жүйесі енгізілетін болады.