Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкентте мемлекеттік наградаларды қолдану тәртібі түсіндірілді

Шымкентте мемлекеттік наградаларды қолдану тәртібі түсіндірілді

​Шымкент қаласының Ішкі саясат басқармасы басшысы төрағалығымен қоғамдық бірлестіктер мен кәсіпкерлік субъектілері арасында мемлекеттік наградалар мен рәміздердің заңды қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме отырысы өтті.
​Жиын барысында қолданыстағы заңнама талаптары, соның ішінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер кеңінен талқыланды.
​Негізгі талаптар мен шектеулер:
​Қоғамдық бірлестіктер тарапынан мемлекеттік наградаларға атауы немесе сыртқы келбеті бойынша толықтай немесе ішінара ұқсас ордендер мен медальдарды, төсбелгілерді тағайындауға және дайындауға заңмен тыйым салынады.
​Мемлекеттік емес наградалармен Қазақстан Республикасының, халықтың немесе Мемлекет басшысының атынан марапаттауға жол берілмейді.
​Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік наградаларға ұқсас белгілерді дайындау мен өткізудің заңсыздығы, сондай-ақ бұл үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 674-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.
​Мемлекеттік рәміздер мен наградалар — елдігіміздің беделі. Олардың қадірін түсіруге және коммерцияландыруға жол берілмейді. Сондай-ақ, барлық мемлекеттік органдар мен мекемелердің ғимараттарында қоғамдық наградалармен және өзге де атақтармен марапаттау шараларын өткізуге тыйым салынатыны ескертілді.

Отырыс барысында мемлекеттік наградалар мен рәміздерді пайдалану саласындағы заң талаптарын сақтау әрбір ұйым мен азаматтың жауапкершілігі екені атап өтілді. Заңнамалық нормаларды түсіндіру жұмыстары құқықтық мәдениетті арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Қатысушыларға мемлекеттік наградалардың ерекше мәртебесі мен тарихи маңызы жөнінде ақпарат беріліп, оларды пайдалану кезінде белгіленген талаптарды қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді. Бұл мемлекеттік институттарға деген құрметті нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.

Сондай-ақ жиын барысында қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заң талаптарын қолдану тәртібі бойынша нақты түсіндірмелер алды. Мұндай кездесулер заңнаманы бірізді түсінуге және тәжірибеде дұрыс қолдануға мүмкіндік береді.

Мамандардың пікірінше, мемлекеттік рәміздер мен наградалардың мәртебесін сақтау – елдің беделі мен ұлттық бірегейлігін нығайтудың маңызды тетіктерінің бірі. Осыған байланысты түсіндіру және профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

 

Пікір жазу