Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 210)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «VOICE OF TURAN» ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ БАЙҚАУЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

Түркістанда Халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері байқауы басталды. Ашылу салтанатына ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, еліміздің танымал жұлдыздары мен зиялы қауым өкілдері, қала қонақтары мен тұрғындары қатысты. – Киелі Түркістанда Тұран үнін асқақтататын халықаралық байқау өтіп жатыр. Біріншіден ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының атынан шын жүректен фестивальдің ашылуымен құттықтаймын және барлық қатысушыға сәттілік ...

Толығырақ »

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ-БАСТЫ НАЗАРДА

Жедел-алдын алу шарасы шеңберінде Түркістан қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары шаһардағы “Түркістан жоғары медицина” және «Яссы» колледжінің жатақханасында профилактикалық шарасы ұйымдастырылып өткізді. Шараның негізгі мақсаты- студенттер арасында әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу, құқық бұзушылықты болдырмау және кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін алдын алу. Жиында студенттерге және кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта сағат 23:00-ден кейін көшеде заңды өкілсіз ...

Толығырақ »

ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛДАН КҮЗ-ҚЫС МАУСЫМЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КЕСТЕСІ БЕЛГІЛЕНДІ

Кіші футболдан «Әуесқой футбол лига ойындарының» 2022 жылғы күз-қыс маусымы ойындары презентациясы өтті. Шараға кіші футболдан дүбірлі додаларда Түркістан қаласының намысын қорғап жүрген командалар мен қалалық мәслихат депутаттары және шаһар спортының дамуына үлес қосып жүрген түрлі сала өкілдері қатысты. Алғы сөз сөйлеген Түркістан қалалық мәслихаты хатшысы Мақсат Асылбекұлы бұқаралық спортты дамытуға үлес қосқан және әуесқой футбол лига ойындарында белсенді қатысқан ...

Толығырақ »

«Ел сұлуы – қыз бала»: Шымкентте психологиялық кездесу кеші өтті

Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы аясында «Ел сұлуы – қыз бала» атты психологиялық кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған жобаның мақсаты – жастар мен жасөспірімдер арасында белең алып жатқан ерте жүктіліктің алдын алу және қыз балаларға профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Кездесуге Абай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы –Бибіфатима Хамитбекова, Шымкент қаласы бойынша тәжірибелі психолог, ...

Толығырақ »

Қарабұлақта ата-аналардың қатысуымен кездесу өткізілді

Қарабұлақ ауылдық округі жастары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, ұлтаралық достықты сақтау, нығайту мәселелері бойынша «№104» негізгі орта және «№101» жалпы орта мектеп оқушылары, ата-аналары қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуге ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Шамуратов, Сайрам АІІБ полиция инспекторы полиция капитаны А.Төлепберген, ауылдық округі әкімшілігі аппараты бас маман заңгер Д.Абдукаримов және мектеп ұжымы қатысты. Кездесуде полиция инспекторы А.Төлепберген кәмелет ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРЕТІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК (МКЗК) КӨРСЕТЕТІН БОЛАДЫ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында, Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары Айнұр Исабекова, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. – Осыған дейін бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін азаматтар үшін тегін заңгерлік көмекті адвокаттар ғана көрсетсе, енгізілген заңнамалық өзгерістерге сәйкес, заң консультанттарына да осындай мүмкіндік беріліп отыр. Қазіргі таңда ...

Толығырақ »

Шымкентте жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен жылу беру маусымына дайындық бойынша кезекті жиын өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. «3-Энергоорталық» АҚ-дағы 2 турбина, 3 қазандық ағымдағы, транформаторлар күрделі жөндеуден өтті. Қалған 3 бойлерді күрделі жөндеу 82%, қосалқы жабдықтарды ағымдағы жөндеуі 95%-ға орындалып, қалған жұмыстар 10 күн ішінде аяқталады. «Қуатжылуорталық-3» МКК-ға қарасты 15 жылу қазандықтың 13-і дайын. Қалған 2 қазандық ...

Толығырақ »

Газдан уланудың алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының және Абай аудандық Төтенше жағдайлар департаментің ұйымдастыруымен «Қала тұрғындарының улы газдан уланудың алдын алу» бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған іс-шараның мақсаты — тұрғындарға газдан уланудың алдын алу, дұрыс пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қала тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігі және газға деген жауапкершілігін арттыру. Профилактикалық түсіндіру жұмыстары барысында ҚР газ ...

Толығырақ »

Шымкентте «Абайлаңыз-балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Шымкент қаласы аумағында жаңа оқу жылы басталуына орай, «Абайлаңыз-балалар!» атты кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған шараның негізгі мақсаты — жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесімен таныстыру. Іс-шара аясында Қаратау АПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция ...

Толығырақ »

«Нашақорлықтың және АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу»: Шымкентте жастармен кездесу өткізілді

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу бағытында кездесу өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған кездесудің мақсаты — АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу. Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі ...

Толығырақ »

«Жастар арасында ұлтаралық татулық»: Шымкентте студенттермен кездесу өтті

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлтаралық татулық, жастардың діни танымдығы арттыру мақсатында кездесу өткізілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған іс-шараның мақсаты — жастар арасындағы ұлт аралық татулық жайлы түсіндіру. Президент жолдауын жастарға кеңінен насихаттау. Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Аманкелді Нұрдәулет, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар ...

Толығырақ »

«Өз еліңді танып біл»: Шымкентте жастардың қатысуымен арнайы экскурсия жүргізілді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Өз еліңді танып біл» жобасы аясында тарихи-мәдени орында ерікті жастардың қатысуымен арнайы экскурсия жүргізілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған іс-шараның мақсаты — жастар арасында ұрпақтар сабақтастығы, салт-дәстүрді дәріптеу. Тарихи-мәдени орындармен жастарды таныстыру. Ерікті студенттерінің қатысуымен өткен шарада «Ескі-қалашықта» құнды жәдігерлер молынан жинақталған мұражай аймақтарымен және тарихи нысандармен танысты. Сонымен қоса, «Visit ...

Толығырақ »

РУХАНИ ҚАЛАДА «ДЕНІ САУДЫҢ – ТӘНІ САУ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Түркістан қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты мекемелерде салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында қала мектептерімен бірлесе отырып бірқатар шаралар өткізілді.  №5 кітапхана-филиалы №23 ІТ мектеп-лицейінде «Дені саудың – тәні сау» атты сыр сұхбат болып өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі. Кеш қонақтары мектеп мұғалімдері Аймурза Анел, Дауылбай Нүрила, кітапханашы Абласова Айзат, медбике Келімбетова Қарлығаш және оқушылар қатысып, сыр-сұхбат барысында медбике сұрақтарға тұжымды жауап ...

Толығырақ »

РӘМІЗДЕР — ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰМАРЫ

2007 жылдан бері 4 маусым елімізде Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі. Биыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің ресми бекітілгеніне 30 жыл толып отыр. Осы орайда Түркістан қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты мекемелерде оқырмандардың қатысуымен  ұйымдастырылып өткізілген бірқатар шараларды жариялауды жөн көрдік. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеу мен қастерлеу және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы жұмыс жүргізу бойынша құрылған қалалық ақпараттық –насихаттық топтың кестесіне ...

Толығырақ »

Шымкент: №137 мектепте пікірсайыс кабинеті ашылды

“Оқушылар мен студент жастар дебаттық қозғалысы” жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру, өңірлік мектеп және студенттік пікірсайыс қозғалысы лигасын қолдау, насихаттау, жас пікірсайысшыларға жайлы орта қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №137 жалпы орта білім беретін мектебінде пікірсайыс кабинеті ашылды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Арнаулы кабинеттің ашылу салтанатына Шымкент қаласы білім басқармасының қосымша білім беру оқу сала орталығы ...

Толығырақ »

ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» мақалын назарға жеткізіп, өсіп келе жатқан ұрпақтың сапалы білім алу қажеттілігін атап өтті. Сапалы білім алудың педагог тарапынан оқытуымен қатар, құрастырушы бөліктері ретінде ол жастардың дұрыс бағыттағы жүріс-тұрысы, алдағы буынның тәрбиелік мәні бар өмірлік тәжірибемен бөлісу, олардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады. ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Хасанов Бахытбек Сембекұлы Ақсукент ауылының тұрғыны Б.Сақтағановты жеке мәселесімен қабылдады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жеке қабылдау барысында мүгедектігі бар ұлына қоларбамен қамтуға көмек беру мәселесін сұраған болатын. Тұрғын баласы М.Сактаганов 1988 жылы туылғанын, оған 2014 жылы І топ мүгедектігі тағайындалғанын жеткізді. Өз кезегінде әкім орынбасары аудандық жұмыспен қамту және ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ҚАЙНАРБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІН ЖАСӨСПІРІМ ҰЛДАРМЕН ӨТКІЗДІ

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» мақалын назарға жеткізіп, өсіп келе жатқан ұрпақтың сапалы білім алу қажеттілігін атап өтті. Сапалы білім алудың педагог тарапынан оқытуымен қатар, құрастырушы бөліктері ретінде ол жастардың дұрыс бағыттағы жүріс-тұрысы, алдағы буынның тәрбиелік мәні бар өмірлік тәжірибемен бөлісу, олардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады. ...

Толығырақ »

БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАНАТЫН ШАРАЛАР

«2022 жыл Балалар жылына» және жаңа оқу жылының басталуына орай қала тұрғындарымен балалардың қауіпсіздігін сақтау және құқығын қорғау мақсатында Түркістан қаласындағы білім беру мекемелерінде қалалық құқық қорғау қызметкерлерімен түсіндіру — профилактикалық жұмыстар жалғасын табуда. Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана — сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар — ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала ...

Толығырақ »

МЕКТЕПТЕРГЕ 1000-НАН АСТАМ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛДЫ

Биыл – Балалар жылы деп жарияланғаны белгілі. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» деп атап өткен болатын. Осы орайда, балалар жылы аясында түркістандық жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласындағы білім беру ұйымдарында білім беру мекемелерінде бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: Д.САТЫБАЛДЫ МЕРДІГЕРЛЕРГЕ БІРНЕШЕ ТАЛАП ҚОЙДЫ

Облыс орталығында абаттандыру шаралары жүйелі жалғасуда. Ең бастысы, демалыс орындары халыққа ыңғайлы әрі көрікті болуы керек. Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жоспарланған жұмыстарды аяғына дейін жеткізу қажеттігін айтты. Жауапты қызметтердің басшыларына барлық қоғамдық нысандардың жағдайын күнделікті бақылауға алуды міндеттеді. Көгалдандыруға ерекше назар аударылатынын айтқан өңір басшысы жұмыстың сапасына айрықша назар аударуды ескертті. Мердігерлердің тұрғындар пікіріне құлақ асып, ескертулерін ...

Толығырақ »

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Өзбекстанның Наманган қаласында белбеу күресінен өткен Әлем чемпионатында түркістандық Айдарбек Тоқтарбек-әлем чемпионы, Ақжігітова Айнур және Құдасбек Гүлзира-әлемнің қола жүлдегерлері атанған болатын. Дүбірлі додадан толағай табыспен оралған спортшыларымызды бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен Түркістан облыстық жауынгерлік өнер қауымдастығының құрметті президенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор Дүйсебаев Әбілсейіт Оразақынұлы қабылдап, жеңісімен құттықтады. Кездесу барысында жаттықтырушылар ...

Толығырақ »

НЕКЕ САРАЙЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 70-КЕ ЖУЫҚ ЖҰП НЕКЕ ҚИҒАН

Түркістандықтар неке қию салтанатты рәсімін жаңа және әсем Неке сарайында өткізіп келеді. Неке сарайында жыл басынан бері 70-ке жуық неке тіркеу рәсімі өткен. Мұнда жас жұбайларға арнайы бөлме қарастырылған. Сонымен қатар неке қиюға арналған салтанатты зал, қонақтарға арналған күту залы, 80 орынға лайықталған мәжіліс залы, кең холл, жиын өткізетін арнайы зал бар. Жалпы алаңы – 2 мың шаршы метрді құрайтын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА 200-ДЕН АСТАМ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК АЙМАҒЫ БАР

Түркістан қаласындағы саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау және ішкі ирригациялық жүйелердің жай-күйі – басты назарда. Биыл қаланың 12,2 гектар аумағына биыл 15 мыңнан аса ағаш егіліп, 9000 шаршы метр аумаққа көгал төселді. 200 мың түп гүл отырғызылды. 380 гектар аумақта күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Облыс орталығында 400 гектар жерге орналасқан 248 саябақтар мен гүлзар, желілік бақ пен жасыл желекті демалыс аймақтары ...

Толығырақ »

МЕКТЕПТЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАЛАЙ САҚТАЛУЫ КЕРЕК?

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын.  Жыл басынан бері елімізде осыған орай көптеген шаралар жүзеге асып келеді. Осы орайда, Балалар жылы аяында Түркістанда қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты балабақша, мектептердің өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша мәжіліс өтті. Жиынға қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мен білім беру мекемелерінің басшылары қатысты. Күн тәртібінде білім беру объектілерінің өртке қарсы жағдайына, тиісті ...

Толығырақ »