Шымкенттегі Rixos Khadisha қонақ үйінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (Astana International Exchange) мен Қазақстан қор биржасында (KASE) ҚМГ жай акцияларының бастапқы ұсынысына (IPO) арналған роудшоуды өткізу шеңберінде қаламыздағы әлеуетті бөлшек сауда инвесторларымен кездесу басталды.
Сөз алған шешендер:
1. Ереулиев Арман Мандибекұлы, ҚазМұнайГаз ҰК АҚ Бюджеттеу және жоспарлау департаментінің директоры;
2. Амирханова Нургуль Мұратқызы, SkyBridge Invest АҚ инвестициялық банкинг департаментінің бас менеджері;
3. Досмухаметов Арман, Freedom broker аймақтық директордың орынбасары – ҚМГ қызметінің нәтижелері, IPO параметрлері, ҚМГ инвестициялық артықшылықтары және ҚМГ акцияларын сатып алу тәсілдері туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.
© Didarbek.kz